2023 жылға Есіл ауданының жергілікті атқарушы органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша талдауы
Есіл ауданында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және халықтың сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне нөлдік төзімділігін қалыптастыру бойынша мақсатты жұмыс жүргізілуде.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау шеңберінде атқарушы органдар кестеге сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізді.
Ауылдық округтер әкімдері аппараттарының ұсынған 16 ішкі талдауларының ішінен 6 аппаратта сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ (Анықтама: Бұлақ, Волошинка, Заградовка, Заречный, Корнеевка, Петровка, Явленка ауылдық округтері әкімдерінің аппараттары).
16 тәуекел анықталды (Анықтама: Амангелді – 2, Бесқұдық – 2 және
1 жасырын мемлекеттік қызмет, Ильинка – 4, Николаевка – 1, Спасовка – 1, Тораңғұл – 1, Ясновский - 4), оның ішінде мемлекеттік қызметтер саласында
9 тәуекел, оның ішінде мемлекеттік қызмет белгісі бар бір функция анықталды, нормативтік құқықтық актілерде (коллизия) - 1, мемлекеттік сатып алу саласында-6.
6 атқарушы органның ішінен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін келесі бөлімдер анықтады: аудан әкімінің аппараты – 1 (мемлекеттік көрсетілетін қызметтер – жер қатынастары саласы), ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі -1 (мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласы), жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі – 3 (оның ішінде 2-әлеуметтік көмек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, 1-кадрларды басқару қызметі саласында) ішкі саясат бөлімі - 1 (кадрларды басқару қызметі саласында).
Талдау екі бағыт бойынша жүзеге асырылды: нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, органның ұйымдық-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Алайда, аналитикалық анықтамаларды зерттеу келесі кемшіліктерді көрсетті: ішкі анализдің мәнін түсінбеу. Әдетте, талдамалық анықтамаларда сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларының болуы тұрғысынан ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтің жұмыс процестерін зерделемей анықтамалық және статистикалық ақпарат келтіріледі. Нәтижесінде талдамалық анықтама атқарылған жұмыс туралы ақпаратқа айналады, мысалы, Амангелді ауылдық округі әкімі аппаратының талдамалық анықтамасы 6 беттен тұрады және тек қабылданған құқықтық актілер, штат саны, азаматтар мен заңды тұлғалардың қаралған өтініштерінің саны, көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпаратты қамтиды. Осындай көрініс Заречный ауылдық округі әкімі аппаратының анықтамасында байқалады, әкім аппаратының құжаттарында қандай кезең қамтылғанын анықтау мүмкін емес, мысалы, ауылдық округ әкімінің
2023 жылғы 11 мамырдағы өкімінде 2022 жылғы 1 қыркүйектен 2023 жылғы 1 мамырға дейінгі кезең көрсетілген, ал талдамалық анықтамада 2022 жылғы 06 тамыздан 2023 жылғы 10 мамырға дейінгі кезең көрсетілген.
2023 жылы №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын іске асыру мақсатында атқарушы органдар келесі міндеттерді орындады: сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі бұйрықтар бекітілді, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталуы туралы интернет-ресурста жарияланды, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне Қоғамдық кеңесте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтамаларға қол қойылды, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған бөлімдерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарлары және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдардың тізбелері әзірленді. Барлық растайтын құжаттар ЖБАЖ (жобалық басқарудың ақпараттық жүйесі) жүктелген, мерзімі өткен жоқ.
Аудан әкімінің құқықтық мәселелер жөніндегі кеңесшісі тұрақты негізде құқықтық актілер жобаларына құқықтық сараптама, сондай-ақ әділет органдарында тіркелген аудан әкімдігі мен аудан әкімінің нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізеді. 2023 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінен аудан әкіміне, аудан әкімі аппаратының басшысына нормативтік құқықтық актілерге жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижелерін қосымша зерделеу қорытындысы бойынша ұсынымдар, ақпараттық хаттар түскен жоқ, әкімшілік іс қозғалған жоқ.
2023 жылы аудан прокуратурасының қабылданған шешімдер мен қаулылар бойынша наразылықтары енгізілмеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия өз қызметін ауданда жалғастыруда. 2023 жылы
4 отырыс өткізілді, оның нәтижелері бойынша атқарушы органдарға, ауылдық округ әкімдеріне және ұйымдарға нақты ұсынымдар берілді, олардың орындалуы жұмыс органының тұрақты бақылауында.
Ішкі саясат бөлімі әлеуметтік желілердің ресми беттерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта 30 жарияланым жариялады.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруға 2023 жылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі іс - шаралар кешенін өткізуге 551 300 теңге (2022 жылы-525 000 т.) бөлінді.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру шеңберінде «The Last Hope» үкіметтік емес ұйымы " қоғамдық бірлестігі (жетекшісі Р.Ш.Асаубаев) келесі іс-шаралар өткізді:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға «нөлдік» төзімділік бойынша «Аудан жастары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы идеялар конкурсы» өткізілді. Байқауға жастар арасынан 12 қатысушы қатысты. Жеңімпаздарды анықтау жөніндегі комиссия 3 жеңімпазды - 1,2,3 орынды анықтады. Байқау жеңімпаздары мен қатысушыларына дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Конкурстың қорытындысын шығару туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланды және 2023 жылғы 12 мамырда аудандық БАҚ-та жарияланды.
Қоғамдық орындарда 50 дана үгіт-насихат және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық буклеттер таратылды.
Ауданның мемлекеттік органдарында сыбайлас жемқорлық деңгейіне мониторинг жүргізу үшін халық арасында сауалнама жүргізілді. Қамту
51 адамды құрады.
«Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға және Есіл ауданының тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған патриоттық тәрбие беру және азаматтық қоғамды нығайту саласындағы іс-шараларды өткізу» шеңберінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі
SMS-хабарламалар жіберу үшін мәтін әзірледі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің превенция басқармасының басшысы Д. Хабибулинмен келісілді. Қамту 1500 адамды құрады.
Мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ауданның білім беру мекемелерінде «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары жұмысын жалғастыруда, 22 отырыс өткізілді,
437 оқушы қамтылды.
317 оқушыны қамтыған «Тоқта! Сыбайлас жемқорлық» сыныптан тыс іс-шара, «Адал ұрпақ» 23-сынып сағаты өткізілді, жауапты-тарих мұғалімдері, қамту-482 оқушыны құрады.
Ауданның білім беру ұйымдарында «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» байқауы өткізіліп, 36 оқушы қамтылды.
2023 жылғы 10 қазанда «Қоғамдық тәртіп негіздері» пікірталас практикумы өткізіліп, оған 9-11 сынып оқушылары қатысты. Іс-шараның мақсаты: оқушылардың азаматтығы мен патриотизмін қалыптастыруға ықпал ету, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу, балалардың құқықтық мәселе бойынша білімдерін байыту.
Бастауыш сыныптарда «Сынып басшысын сайлау» рөлдік ойыны өткізілді. Сюжеттік-рөлдік ойын Қазақстан Республикасындағы сайлауға ұқсас рәсімдерді орындауды көздеді, бұл оқушылардың демократиялық мәдениет негіздерімен танысуын қамтамасыз етті және оларды құқықтық мемлекеттегі мінез-құлық ережелерімен таныстырды.
Оқу жылы ішінде ауданның барлық 28 білім беру ұйымдарында «Біздің таңдауымыз – құқықтық мемлекет» тақырыбында дөңгелек үстелдер, семинарлар, пікірталастар өткізілді.
2023 жылы ауданның жергілікті атқарушы органдары 3680 (7611) мемлекеттік қызмет көрсетті (жеке тұлғаларға - 3150, заңды тұлғаларға-530).
2023 жылы жергілікті атқарушы орган «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 389(882) мемлекеттік қызмет немесе көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы санының 10,5% көрсетті.
Көрсетілетін қызметті берушілер балама негізде қағаз нысанда кеңсе арқылы көрсеткен, бірақ «электрондық үкіметтің» веб-порталы және (немесе) мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін 2 (22) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер (1 жеке тұлға, 1 заңды тұлға) немесе көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жалпы санының 0,1%.
Барлығы жергілікті атқарушы орган электрондық түрде
3289 мемлекеттік қызмет көрсетті немесе 89,4 % (Анықтама: ЭҮП
810 мемлекеттік қызмет, «Е лицензиялау» АЖ 1409 мемлекеттік қызмет, АЖ 1070 мемлекеттік қызмет).
Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алу үшін ауданда өзіне-өзі қызмет көрсетудің 58 секторы жұмыс істейді, оның ішінде 16 ауылдық округтердің аппараттарында, бастауыш, негізгі, орта білім беру ұйымдарында, қосымша білім беру ұйымдарында, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде, бір сектор ашық әкімдікте, 7 бөлімдерде, қосымша Ильинка және Амангелді ауылдық округтерінде Қоғамдық қолжетімділік пункті бар, онда жергілікті атқарушы органдар 8927 мемлекеттік қызмет көрсетті.
Екі ауылдық округте (Амангелді және Ильинка ауылдық округтерінде) картридері бар қоғамдық қол жеткізу пункттері бар (төлем жүргізу, мемлекеттік қызметтер алу және т.б.).
«Е-қызмет» ИАЖ-ға аудан әкімі аппаратының және аудандық бөлімдердің кадр қызметінің қызметкерлері мемлекеттік қызметті өткеру мәселелері бойынша өзекті деректерді тұрақты негізде енгізеді.
Мемлекеттік қызметшілердің кәсібиленуін арттыру үшін өткен кезеңде 40 (43) мемлекеттік қызметші біліктілігін арттырудан, 5 (7) мемлекеттік қызметшіні қайта даярлау курстарынан өтті.
Персоналды басқару қызметі жұмыстан шығарылғандарды олардың байланыс деректерімен тегі бойынша есепке алуды жүргізеді, жұмыстан шығару себептерін анықтап, демалыс сауалнамаларын толтырады,
2023 жылы - 32 (26) мемлекеттік қызметші жұмыстан шығарылды.
Алайда, сандар көрсеткендей, ауданның жергілікті атқарушы органдары жүргізетін алдын алу шаралары тиімсіз. Осылайша, талданып отырған кезеңде Әдеп кодексін бұзғаны үшін ауылдық округтің
1 мемлекеттік қызметшісі тәртіптік жауапкершілікке тартылды,
2 мемлекеттік қызметшіге қатысты айыптау үкімі шығарылды (Анықтама: Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қалалық соты 2023 жылғы
26 маусымдағы Сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Имантаев Қайрат Ғалымұлы ҚР ҚК 366-бабының 2-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды,
16 837 972 теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды, мемлекеттік қызметте, судья болуға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын, мемлекеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерін реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган,оның ведомстволарында лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық сотының 2023 жылғы 11 мамырдағы үкімімен
Спасовка ауылдық округінің әкімі Азамат Кенесарынұлы Жолдаяқовқа
ҚК-нің 366-бабының 1-бөлігі бойынша 1 (бір) жыл 10 (он) ай бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды, мемлекеттік қызметте, судья болуға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын, мемлекеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерін реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган,оның ведомстволарында лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып. Бұл мәселелер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралып, талқыланды).
Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және Әдеп кодексін одан әрі бұзуын болдырмау мақсатында, кез келген құқық бұзушылықтарға «нөлдік» төзімділікті қалыптастыру жөніндегі шараларды күшейту бойынша.
2024 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияда мынадай мәселелерді қарауды және талқылауды ҰСЫНАМЫН:
Есіл ауданының әкімі М. Мұхамедияров
Орын.Нұрмұқанова Ж.Ж.
87154322080