2024 жылғы 1 тоқсандағы криминогендік жағдайды талдау

2024 жылғы 1 тоқсандағы

криминогендік жағдайды

талдау

 

Аудандағы криминогендік жағдайдың қысқаша талдауы

А.ж. 1 тоқсанының қорытындысы бойынша криминогендік жағдай қылмыстық теріс қылықтарды тіркеудің 75% - ға (4-тен 7-ге дейін) өсуі есебінен, қылмыстық құқық бұзушылықтардың 5,6% - ға өсуімен (19-дан 18-ге дейін) сипатталады.

Шағын ауырлықтағы құқық бұзушылықтарды тіркеудің 33,3% - ға
(3-тен 2-ге дейін), ауыр қылмыстардың 50% - ға (2-ден 1-ге дейін) төмендеуі, орташа ауырлықтағы (9-дан 9-ға) сол деңгейде қалуы байқалады.

Өткен жылдағыдай аса ауыр құқық бұзушылықтарды тіркеу жоқ.

Ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылуы 50% - ға (100% - дан 50% - ға дейін) төмендеді.

Қылмыстар бойынша өлімге әкеп соққан, денсаулыққа ауыр зиян келтірудің 100% - ға (2-ден 0-ге дейін), көлік қылмыстарының 200% - ға (0-ден 2-ге дейін) төмендеуі байқалады.

Ұрлықтың 50% - ға (4-тен 6-ға дейін), алаяқтықтың 200% - ға (1-ден 3-ке дейін) өсуі байқалады.

Есірткіге байланысты қылмыстарды тіркеу өткен жылдың деңгейінде  (2-ден 2-ге дейін).

Жол-көлік оқиғаларының 100% - ға өсуі тіркелді (0-ден 4-ке дейін).

Ағымдағы жылы аудан аумағында бопсалау, қарақшылық, бандитизм, тонау, экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар, бұзақылық, зорлау, мал ұрлығы фактілеріне жол берілмеді.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, алаяқтыққа, мал ұрлығына, есірткіге, көшедегі қылмыстарға қарсы тұруға ерекше назар аударылады. Осы мәселелердің барлығы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстарында бірнеше рет талқыланды.

Аудан аумағында алаяқтық фактілерінің жолын кесу және оларға жол бермеу мақсатында прокуратура органдарымен, полиция бөлімімен атқарушы органдармен, ауылдық округ әкімдерімен, жергілікті жерлердегі қоғамдық кеңестермен және өзге де уәкілетті органдар мен ұйымдармен бірлесіп алаяқтықтың алдын алу, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, жүйелі жұмыс жүргізуге арналған іс-шаралар үйлестірілді.

Халықты құқық бұзушылықтың жаңа түрлері туралы ақпараттандыру бойынша профилактикалық жұмыс жүргізілуде, әлеуметтік желілерде үгіт-профилактикалық материалдар орналастырылды, мектептерде, дүкендерде және халық көп жиналатын орындарда буклеттер жабыстырылды. Күн сайын Есіл ауданы бойынша хабарландыру сайттарына мониторинг жүргізілді, жалған хабарландырулар анықталған жоқ. Сондай-ақ, «WhatsApp» мессенджері арқылы АПБ қызметкерлері күн сайын интернет алаяқтық бойынша профилактикалық жадынамалары бар статустар қояды.

Аудан орталығы мен ауылдық округтердің барлық әкімшілік ғимараттары мен адамдар көп жиналатын орындарында ескерту үгіт материалдары, оның ішінде аудио, видео, буклеттер, брошюралар, ақпараттық материалдар орналастырылған.

Алаяқтықтың алдын алу мақсатында ауданның еңбек ұжымдарымен тұрақты негізде кездесулер өткізіледі.

Аудандық органдардның есірткі және киберқылмысқа қарсы күрес бойынша жүргізіп жатқан профилактикалық іс - шараларына қарамастан, аталған фактілер азаматтардың осы қылмыстардан қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде жүйелі шаралар қабылдамай, олардың жеткіліксіздігін айғақтайды.

Жоғарыда айтылғандай ЖКО өсуі тіркелді, 2024 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша  аудан аумағында  4 ЖКО фактісі тіркелді (2023 ж. – 1), онда 12 адам әр түрлі дәрежедегі жарақаттар алды ( 2023 ж. – 2) және 3 адам қайтыс болды (2023 ж. – 0). Мас күйінде 0-2023 жылы 0.

ЖКО-ның барлық төрт фактісі  Жезқазған – Петропавл республикалық маңызы бар автожолында ЖПҚБ ППБ қызметкерлерінің патрульдеу бағытында орын алды.

Полиция бөлімі жүргізген талдауға сәйкес, екі жағдайда жол-көлік оқиғасының себебі жол төсемінің нашар күйі, желтоқсан және қаңтар айларында тұрақсыз ауа-райының салдарынан пайда болған мұздың және ойықтардың болуы, ал екі жағдайда жүргізушілердің көлік құралдарын басқару кезінде жол қозғалысы ережелерін сақтамауы себеп болғандығы анықталды.

«Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес Комиссия адам мен азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөнінде шаралар қабылдайды,

2024 жылдың 2-тоқсанында алдын алу жөніндегі комиссияда жоспарланғаннан басқа келесі мәселелерді талқылауды ҰСЫНАМЫН:

  1. Интернет-алаяқтықтың алдын алу - (баяндамашы - полиция бөлімі, ауылдық округ әкімдері).
  2. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу (баяндамашы-полиция бөлімі).
  3. Бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын алуға бағытталған алдын алу іс – шараларын жүргізу (баяндамашы-полиция бөлімі).

 

 

  Есіл ауданының әкімі                                      М.Мұхамедияров 

 

 

Орын.: Ж.Ж.Нұрмұқанова

Тел.:  87154322080

Дата публикации
28 октября 2024