2024-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемаларын бекіту туралы

        

 

 

 

 

 

 

 

 

2024-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемаларын бекіту туралы

                                                  

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 10) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 9 бабы 1 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2024-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемалары осы қаулының 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 7-1, 8, 8-1, 9, 9-1, 10, 11, 11-1, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
  2. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің «2024-2025 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 256 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  3. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберуді.

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі..

 

                                                                                                       

 

Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданының әкімі

 

 

         М. Мұхамедияров

 

Дата публикации
10 октября 2024