2024 жылдың бірінші жартыжылдығына Есіл ауданы бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс бойынша ақпарат

 

 

2024 жылдың бірінші  жартыжылдығына Есіл ауданы бойынша

жеке және заңды тұлғалардың  өтініштерімен

жұмыс бойынша ақпарат

 

         2024 жылдың бірінші  жартыжылдығында аудан әкімінің аппаратымен, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарымен, Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданының жергілікті атқарушы органдарымен 613 өтініш қаралды
(2023 жылдың сәйкес кезеңінде 435 өтініш түсті),
оның ішінде жеке тұлғалардан - 422 өтініш келіп түсті (2023 ж. – 291, 131 өтінішке ұлғайды),
заңды тұлғалардан - 191 өтініш (2023 ж.-146, 45 өтінішке ұлғайды).

         Өтініштердің түрлері бойынша:

         Өтініштер – 425,

         Сұраулар-112,

         Адвокаттардың сұраулары - 12,

         БАҚ сұраулары – 2,

         Хабарламалар- 10,

         Ұсыныстар - 35,

Ақпарат ұсыну туралы сұраулар – 14,

Нотариус сұрауы  - 1,

Шағымдар – 2024 жылдың өткен кезеңінде -2 түсті (2023 жылы 1 шағым түсті).

Ұжымдық өтініштер –  2 (қаулыға толықтыру енгізу, су өткізу құбырын орнату үшін бюджеттік қаражат бөлу туралы, Волошинка ауылдық округі әкімінің әрекеті және әрекетсіздігі).

Барлығы жауап берумен қаралды-599 өтініш.

Жоғары тұрған немесе ведомстволық бағынысты органдарға қайта жіберілген өтініштер - 33.

Тыңдау рәсімін өткізумен қаралған өтініштер - 29 (ҚР ӘРПК 73-бабына сәйкес, шағымдар).

Қабылданған әкімшілік актілер – 152, оның ішінде – 123 қолайлы актілер, ауыртпалық актілер – 29.

Тоқтатылған өтініштен – 26.

Талдау көрсеткендей, келіп түскен өтініштердің ең көп саны келесі сұрақтар бойынша түскен:

  • төтенше жағдай салдарынан келтірілген залалды өтеу мәселесі бойынша – 103, бұл өтініштердің жалпы санының 16 % құрайды; 2023 жылдың сәйкес кезеңінде – 0;

– ТКШ мәселелері (тұрғын үйге су жеткізу, елді мекендерді сумен жабдықтау, көшелерді жарықтандыру, тұрғын үй беру)- 94, бұл өтініштердің жалпы санының 15 % - құрайды; 2023 жылғы сәйкес кезеңде - 116, 22 өтінішке азайды.

- жер пайдалану және жер учаскесін беру - 70, бұл өтініштердің жалпы санының 11 % құрайды; 2023 жылғы сәйкес кезеңде - 79, 9 өтінішке азайды;

- еңбек және халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері - 51, бұл өтініштердің жалпы санының 8 %  құрайды; 2023 жылғы сәйкес кезеңде -35, 16 өтінішке ұлғайды.

- ауыл шаруашылығы - 38 (көлік құралдарына жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімінен үзінді көшірме беру мәселесі бойынша өтініштер, субсидиялау), бұл өтініштердің жалпы санының 7 % -. құрайды; 2023 жылғы сәйкес кезеңде - 50, 12 өтінішке азайды.

- басқа да мәселелер (тұрмыстық мәселелер, білім беру және т.б.) – 257, бұл өтініштердің жалпы санының 41 % құрайды, 2023 жылы- 155,
102  өтінішке ұлғайды.

Келіп түскен 613 өтініштің барлығы бастапқы сипатта болады, қайталанған өтініштер жоқ.

Жеке қабылдауларда ауданның барлығы 245 тұрғыны қабылданды                         (2023 жылғы сәйкес кезеңде - 218, 27 адамға ұлғайды), оның ішінде:

аудан әкімімен 15 адам қабылданды (2023 жылғы сәйкес кезеңде - 14, 1 адамға ұлғайды);

жергілікті атқарушы органдардың басшылары және ауылдық округ әкімдерімен - 230 адам (2023 жылы- 204, 16 адамға ұлғайды),

жеке қабылдауларда азаматтар негізінен сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, АӘК тағайындау, жұмысқа орналастыру, жер және жер пайдалану мәселелері, ұялы байланысты жақсарту  бойынша жүгінеді.

 

Өтініштерді қарау жөніндегі жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен барлық өтініштерге толық және негізделген жауаптар беріледі.

Дата публикации
01 октября 2024