2024 жылдың 1 тоқсанына Есіл ауданы бойынша
жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен
жұмыс бойынша ақпарат
2024 жылдың 1 тоқсанында аудан әкімінің аппаратымен, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарымен, Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданының жергілікті атқарушы органдарымен 253 өтініш қаралды
(2023 жылдың сәйкес кезеңінде 195 өтініш түсті), оның ішінде жеке тұлғалардан - 155 өтініш келіп түсті (2023 ж. – 119, 36 өтінішке ұлғайды),
заңды тұлғалардан - 98 өтініш (2023 ж.-76, 22 өтінішке ұлғайды).
Өтініштердің түрлері бойынша:
Өтініштер – 167,
Сұраулар- 47,
Адвокаттардың сұраулары - 5,
БАҚ сұраулары – 1,
Хабарламалар- 4,
Ұсыныстар - 24,
Ақпарат ұсыну туралы сұраулар – 4,
Шағымдар – 2024 жылдың өткен кезеңінде түскен жоқ (2023 жылы шағымдар түскен жоқ ).
Ұжымдық өтініштер – 2 (қаулыға толықтыру енгізу бойынша түсті).
Барлығы жауап берумен қаралды-213 өтініш.
Жоғары тұрған немесе ведомстволық бағынысты органдарға қайта жіберілген өтініштер - 17.
Тыңдау рәсімін өткізумен қаралған өтініштер - 5 (ҚР ӘРПК 73-бабына сәйкес, шағымдар).
Қабылданған әкімшілік актілер – 36, оның ішінде – 31 қолайлы актілер, ауыртпалық актілер – 5.
Тоқтатылған өтініштен – 9.
Талдау көрсеткендей, келіп түскен өтініштердің ең көп саны келесі сұрақтар бойынша түскен:
– ТКШ мәселелері (тұрғын үйге су жеткізу, елді мекендерді сумен жабдықтау, көшелерді жарықтандыру, тұрғын үй беру)- 54, бұл өтініштердің жалпы санының 21 % - құрайды; 2023 жылғы сәйкес кезеңде - 47, 7 өтінішке ұлғайды.
- жер пайдалану және жер учаскесін беру - 39, бұл өтініштердің жалпы санының 15 % құрайды; 2023 жылғы сәйкес кезеңде - 25, 14 өтінішке ұлғайды;
- еңбек және халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері - 30, бұл өтініштердің жалпы санының 11% -. құрайды; 2023 жылғы сәйкес кезеңде -21, 9 өтінішке ұлғайды.
- ауыл шаруашылығы - 23 (көлік құралдарына жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімінен үзінді көшірме беру мәселесі бойынша өтініштер, субсидиялау), бұл өтініштердің жалпы санының 9 % -. құрайды; 2023 жылғы сәйкес кезеңде - 24, 1 өтінішке азайды.
- басқа да мәселелер (тұрмыстық мәселелер, білім беру және т.б.) – 107, бұл өтініштердің жалпы санының 42 % құрайды, 2023 жылы- 78,
29 өтінішке азайды.
Келіп түскен 253 өтініштің барлығы бастапқы сипатта болады, қайталанған өтініштер жоқ.
Жеке қабылдауларда ауданның барлығы 124 тұрғыны қабылданды (2023 жылғы сәйкес кезеңде - 79, 45 адамға ұлғайды), оның ішінде:
аудан әкімімен жеке қабылдауларда 6 адам қабылданды (2023 жылғы сәйкес кезеңде - 7, 1 адамға азайды);
жергілікті атқарушы органдардың басшылары және ауылдық округ әкімдерімен - 105 адам (2023 жылы- 72, 33 адамға ұлғайды),
жеке қабылдауларда азаматтар негізінен сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, АӘК тағайындау, жұмысқа орналастыру, жер және жер пайдалану мәселелері, ұялы байланысты жақсарту бойынша жүгінеді.
Өтініштерді қарау жөніндегі жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен барлық өтініштерге толық және негізделген жауаптар беріледі.