ҚАУЛЫ ЖОБАСЫ «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы

 

ҚАУЛЫ ЖОБАСЫ

«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының          18 бабы 7) тармақшасына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы»,  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес,  Солтүстік Қазақстан Облысы Есіл ауданы мәслихаты сессиясының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 13/194 «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданын басқару жүйесін бекіту туралы»  шешімі негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін бөліп, дене шынықтыру мен спортты дамыту бойыша функцияларды бере отырып, қайта ұйымдастырылсын.
  2. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы  әкімдігінің  мәдениет  және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
  3. Бекітілсін:

1) осы  қаулының 1 қосымшасына сәйкес  «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  Ережесі;

2) осы қаулының  2 қосымшасына  сәйкес «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі.

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қамтамасыз етсін:

1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан

2

 

 Республикасы  Әділет  министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін  Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

2) осы қаулыны ресми жариялаған соң  Есіл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

  1. Жоғарыда аталған мемлекеттік мекемелер заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамаға сәйкес әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеуді және тіркеуді қамтамасыз етсін.
  2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданының әкімі                                                       М.Мұхамедияров

 

 

Дата публикации
20 мая 2024