2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
атқарған жұмыстары туралы
ақпарат
Жұмыспен қамтуды ұйымдастыру
Халықты жұмыспен қамту бойынша жоспарланған іс-шараларға сәйкес, 2024 жылдың басынан бастап іс жүзінде 426 адам жұмысқа орналастырылды (тапсырмаға 36,3%), жылдық жоспар 1275 адам.
242 адам тұрақты жұмыс орындарын алды, оның ішінде жаңалары — 158 (жаңа кәсіпорындарды енгізу есебінен - 42, кеңейту есебінен - 116).
Уақытша жұмыс орындарына 184 адам жұмысқа орналастырылды.
Уәкілетті органда есепте тұрған жұмыссыз азаматтардың саны 287 адамды құрайды. Ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халықтың 2,1% құрады.
Қоғамдық жұмыстарға 122 жұмыссыз жіберілді.
Әлеуметтік жұмыс орындарына – 11адам;
Бірінші жұмыс орнына - 5 адам;
Күміс жас - 9 адам.
Жұмыс істеп тұрған 239 кәсіпорын мен ұйымның 239-ы ұжымдық шарт жасады немесе 100%.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
Аз қамтылғандар базасы 47 отбасын немесе 207 адамды құрады.
Аудан бойынша кедейлік деңгейі 1,0%.
Тағайындалды:
11634,4 мың теңге сомасына 47 отбасына (немесе 207 адамға) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, оның ішінде 3937,2 мың теңге сомасына 13 отбасына (51 адамға) шартсыз ақшалай көмек, 7697,2 мың теңге сомасына 35 отбасына (162 адамға) шартты ақшалай көмек.
64 балаға 1268,2 мың теңге сомаға КӘК (кепілдендірілген әлеуметтік көмек).
үйде оқитын мүгедектігі бар балаларға — 21 отбасына (22 балаға) 1207,3 мың теңге жәрдемақы.
тұрғын үй көмегі — 1 отбасына (4 адам) 34,9 мың теңге.
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер.
Атаулы күндер мен мереке күндері бойынша әлеуметтік көмек 19313,7 мың теңге сомасына 551 адамға төленді:
15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне- 5168,8 мың теңге сомасына 40 адамға;
8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне — 9710,0 мың теңге сомасына 341 адамға;
7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне — 110,8 мың теңге сомасына 6 адамға;
9 мамыр – Жеңіс күніне орай — 3050,5 мың теңге сомасына 164 адамға.
Өмірлік қиын жағдайда 14044,4 мың теңге сомасына 246 адамға әлеуметтік көмек көрсетілді, соның ішінде:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға тіс протездеуге- 1292,2 мың теңге сомаға 5 адамға;
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға санаторлық-курорттық емделуге-2215,2 мың теңге сомасына 12 адамға;
Төтенше жағдайлар (өрт) салдарынан зардап шеккен отбасыларға (азаматтарға) — 2215,2 мың теңге сомасына 6 отбасына;
Жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға ай сайын 2 АЕК мөлшерінде коммуналдық қызметтерге — 1846,0 мың теңге сомаға 65 адамға;
әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдарға (туберкулез) амбулаториялық емдеу кезеңінде ай сайын 6 АЕК мөлшерінде — 664,6 мың теңге сомасына 8 адамға;
АИТВ жұқтырған балаларға- 347,3 мың теңге сомасына 1 балаға.
әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың (онкологиялық науқастар) салдарынан тыныс-тіршілігі шектелген азаматтарға — 5390,1 мың теңге сомаға 147 адамға;
қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға — 73,8 мың теңге сомасына 2 адамға.
Мүгедектерді оңалту бағдарламасын іске асыру.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексін іске асыру бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде.
Ауданда 4 жеке көмекші жұмыс істейді, оларға жүріп-тұруы қиын 4 мүгедектігі бар адамдар бекітілген, 9 адамға ымдау тілі маманының қызметтері ұсынылады.
Мүгедектігі бар адамдар қамтамасыз етілді:
протездік-ортопедиялық көмек – 16 адам;
техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен- 38 адам;
арнаулы жүріп-тұру құралдарымен - 2 адам.
Тұрақты жұмыс орындарына мүгедектігі бар 4 адам жұмысқа орналастырылды.
Үйдегі әлеуметтік көмек бөлімшелері
Ауданда 3 әлеуметтік көмек бөлімшесі бар, онда 67 әлеуметтік қызметкер 225 зейнеткерге, 18 жасқа дейінгі 22 мүгедектігі бар балаларға және 18 жастан асқан 5 мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсетеді.
Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің басшысы Т.Бұжықаев