2024 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша
Инвестициялар
Негізгі капиталға инвестициялар ағынының жалпы көлемі 2023 жылы 15,5 млрд.теңгені құрады, өсімі 2,3 млрд. теңгеге (2022 жылы –
13,1 млрд. теңге) НКИ – 114,4%.
Негізгі көлем жеке инвестицияларға 14,5 млрд.теңге немесе 93,4%, өсімі 3,1 млрд. теңгеге (2022 жылы – 11,3 млрд. теңге) келеді, НКИ 123,7%.
Бюджеттік инвестициялар көлемі 1,0 млрд.теңгені (2022 жылы – 1,7 млрд. теңге) құрады НКИ 55,3%.
Ең үлкен инвестициялық салымдар "Ауыл шаруашылығы" саласына тиесілі - 13,0 млрд.теңгеден астам немесе 84,3%. Осы саладағы инвестициялардың негізгі көлемі ауданның тауар өндірушілері сатып алған жоғары өнімді ауыл шаруашылығы техникасынан ("Заградовское" ЖШС, "Ильинское" ЖШС, "Атамекен-Агро-Корнеевка" ЖШС, "Тілеп-нан" ЖШС, "Явленское МТС" ЖШС, "Атамекен-Агро-Есіл" ЖШС) және жабдықтардан тұрады, ал сондай-ақ, сүт-тауар фермаларын салу ("Атамекен-Агро-Корнеевка" ЖШС және "Азия-Тарангул" ЖШС).