2024 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша
Өнеркәсіп
2023 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 9,4 млрд. теңгені құрады, НКИ 2022 жылдың тиісті кезеңінің деңгейіне 66,6% (2022 жылы – 13,0 млрд.теңге).
Тау – кен өндіру өнеркәсібінің көлемі 2023 жылы 2,3 млрд. теңгені құрады, НКИ 2022 жылдың тиісті кезеңіне 27,1% (2022 жылы-5,1 млрд. теңге).
Ауданда тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріспен "Қазросресурс" ЖШС айналысады, оның 2023 жылы қиыршық тас өндіру көлемі-205,3 мың текше метрді құрады.
Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 2023 жылы 5,9 млрд.теңгені құрады (2022 жылы – 6,8 млрд. теңге) НКИ 85,9%.
Өңдеу өнеркәсібінің негізгі құрылымы металлургиялық өндіріс және азық-түлік өндірісі болып табылады.
Металлургия өндірісіндегі негізгі кәсіпорын "Солтүстік Қазақстан металлургия компаниясы" ЖШС болып табылады, оның 2023 жылы өндірілген өнімі "Доре"қорытпасында 119 килограмм Алтынды құрады.
Азық – түлік өнімдерін өндірумен "Егин" ЖШС айналысады: 2023 жылы өндіріс көлемі-3 795 тонна ұн, 812 тонна макарон өнімдерін құрады.