2023 жылға Есіл ауданы бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс бойынша ақпарат

 

 

2023 жылға Есіл ауданы бойынша

жеке және заңды тұлғалардың  өтініштерімен

жұмыс бойынша ақпарат

 

 

         2023 жылы аудан әкімінің аппаратымен, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарымен Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының жергілікті атқарушы органдарымен 851 өтініш қаралды (2022 жылы барлығы 698 өтініш келіп түсті, өтініштер саны 153 өтінішке ұлғайды), оның ішінде жеке тұлғалардан - 593 өтініш келіп түсті (2022 ж. – 508, 85 өтінішке ұлғайды),

заңды тұлғалардан - 258 өтініш (2022 ж.-190, 68 өтінішке ұлғайды).

Өтініштердің түрлері бойынша:

Сұраулар-468,

Адвокаттардың сұраулары - 12,

Нотариустардың сұраулары – 2,

БАҚ сұраулары – 10,

Сот орындаушыларының сұраулары - 4,

Өтініштер – 261,

Ұсыныстар - 57,

Ақпарат ұсыну туралы сұраулар – 11,

Хабарламалар-24,

Шағымдар - 2, 1). Петровка ауылдық округі әкімінің әрекеті және әрекетсіздігіне шағым; 2). Петровка ауылдық округі әкімінің гаражға қызмет көрсету үшін жер учаскесін беруден бас тарту туралы шешіміне шағым.

Ұжымдық өтініштер – 6, 1) Явленка а. бір көшесіне Жанатай Батыр есімін беру мәселесі бойынша; 2) Явленка ауылындағы Ибраев көшесі бойынша тұрғын үй секторын сумен қамтамасыз ету мәселесі бойынша; 3) Николаевка ауылындағы көшелерді асфальттау мәселесі бойынша; 4) «Столыпинское» ЖШС-нен жер үлестерін алу мәселесі бойынша; 5) Тұрғын үйлерді орталық жылумен жабдықтау жүйесіне қосу мәселесі бойынша; 6) Петровка ауылындағы Молодежная көшесін абаттандыру мәселесі бойынша.

Барлығы жауап берумен қаралды-814 өтініш.

Жоғары тұрған немесе ведомстволық бағынысты органдарға қайта жіберілген өтініштер - 37.

Тыңдау рәсімін өткізумен қаралған өтініштер - 2 (ҚР ӘРПК 73-бабына сәйкес, шағымдар).

 Талдау көрсеткендей, келіп түскен өтініштердің ең көп саны келесі сұрақтар бойынша түскен:

– ТКШ мәселелері (тұрғын үйге су жеткізу, елді мекендерді сумен жабдықтау, көшелерді жарықтандыру, тұрғын үй беру)- 212, бұл өтініштердің жалпы санының 25% - құрайды; 2022 жылы - 111, 101 өтінішке ұлғайды.

- жер пайдалану және жер учаскесін беру - 130, бұл өтініштердің жалпы санының 15 % құрайды; 2022 жылы - 138, 8 өтінішке азайды;

- ауыл шаруашылығы - 89 (көлік құралдарына жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімінен үзінді көшірме беру мәселесі бойынша өтініштер, субсидиялау), бұл өтініштердің жалпы санының 10 % -. құрайды; 2022 жылы-50, 39 өтінішке ұлғайды.

- еңбек және халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері -63, бұл өтініштердің жалпы санының 7% -. құрайды; 2022 жылы -40, 23 өтінішке ұлғайды.

- басқа да мәселелер (тұрмыстық мәселелер, білім беру және т.б.) – 318, бұл өтініштердің жалпы санының 37 % -. құрайды, 2022 жылы- 330,
12 өтінішке азайды.

Келіп түскен 851 өтініштің барлығы бастапқы сипатта болады, қайталанған өтініштер жоқ.

Жеке қабылдауларда ауданның барлығы 374 тұрғыны қабылданды                         ( 2022 жылы-334, 30 адамға ұлғайды), оның ішінде:

аудан әкімімен жеке қабылдауларда  100  адам қабылданды (2022 жылы-78, 22 адамға ұлғайды);

ауданның атқарушы органдардың басшыларымен және ауылдық округ әкімдерімен - 331 адам (2022 жылы-289, 42 адамға ұлғайды),

жеке қабылдауларда азаматтар негізінен сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, әлеуметтік қамсыздандыру, жұмысқа орналастыру, жер және жер пайдалану мәселелері бойынша жүгінеді.

 

Өтініштерді қарау жөніндегі жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен барлық өтініштерге толық және негізделген жауаптар беріледі.

Дата публикации
11 января 2024