«Есіл ауданы бойынша 2024-2025 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының шешімінің жобасына баспасөз релизі

«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Жайылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Есіл ауданы бойынша 2024-2025 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының шешім жобасын әзірледі.

Шешім жобасы Қоғамдық кеңеспен келісуде.

Бұл шешім жобасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейді және нормативтік құқықтық актілерге қойылатын, талаптарға жауап береді.

Барлық мүдделі азаматтар жобаны талқылауға келесі сілтеме бойынша (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14828952) қатыса алады.

 

Дата публикации
06 декабря 2023