«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің елді мекендерге бірыңғай сәулеттік көрініс беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 25 мамырдағы № 101 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

 

 

«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің елді мекендерге бірыңғай сәулеттік көрініс беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 25 мамырдағы № 101 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

 

 

 

         ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің елді мекендерге бірыңғай сәулеттік көрініс беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің
    2023 жылғы 25 мамырдағы № 101 қаулысына өзгерістер (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7514-15 болып тіркелді) енгізілсін:

         Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік көрініс беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларының 2-тармағында көрсетілген қаулымен бекітілген:

         2), 3), 8) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:

         «2)  кондоминиум объектісі – жеке (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, тұрақ орындарынан, қоймалардан және жеке (бөлек) меншікте бола алмайтын және пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, тұрақ орындарының, ортақ үлестік меншік құқығындағы қоймалардың меншік иелеріне тиесілі ортақ мүліктен тұратын бірыңғай мүліктік кешен, оның ішінде көппәтерлі тұрғын үйдің астындағы бірыңғай бөлінбейтін жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі;»;

         «3) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі-кондоминиум объектісінің бөліктері (қасбеттер, кіреберістер, вестибюльдер, холдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен баспалдақ алаңдары, лифттер, төбелер, шатырлар, техникалық қабаттар, жертөлелер, жалпы үй инженерлік жүйелері мен жабдықтары, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үйдің астындағы жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі, жеке (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, тұрақ орындарынан, қоймалардан басқа, абаттандыру элементтері және басқа да ортақ пайдаланылатын мүлік;»;

         «8) көп пәтерлі тұрғын үйдің кондоминиумы (бұдан әрі-кондоминиум) – пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, тұрақ орындары, қоймалар жеке (бөлек) меншікте болатын, ал жеке (бөлек) меншікте болмайтын бөліктер пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, тұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелеріне ортақ үлестік құқықта тиесілі болатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген меншік нысаны көппәтерлі тұрғын үйдің астындағы бірыңғай бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй жанындағы жер учаскесін қоса алғанда.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
    он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Есіл ауданы әкімінің

  міндетін атқарушы                                          М. Мұхамедияров

 

 

 

 

 

 

«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің елді мекендерге бірыңғай сәулеттік көрініс беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 25 мамырдағы № 101 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
21 августа 2023