«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 26 мамырдағы № 123 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің қаулы жобасына ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ

 «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігі әкімінің аппараты»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы»

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы
26 мамырдағы № 123 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің қаулы жобасына ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ

 

№

Жобада көрсетілуі тиіс мәліметтер тізбесі

Атқарушы орган- әзірлеушінің ақпараты

1

Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы

Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы әкімдігінің аппараты

2

Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі Басшылығының, Үкіметтің және Үкімет Аппаратының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелеріне сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер

«Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы
25 ақпандағы № 112 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 820 бұйрығын іске асыру мақсатында  Қағидалардың 2 – тармағының
1) тармақшасына өзгерістер енгізілді, азаматтық хал актілерін тіркеу органы (бұдан әрі-тіркеуші орган) – Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуге байланысты басқа да мемлекеттік қызмет түрлерін жүзеге асыратын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы.

Азаматтық хал актілерін тіркеу функциясының берілуіне байланысты жергілікті атқарушы органдардан Мемлекеттік корпорацияға берілді, қолданыстағы актіге өзгерістер енгізіледі.

3

Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай – ақ қажет болған жағдайда-бюджеттік комиссияның шешімі (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме, бюджеттік комиссия шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі).

Бұл жоба қаржылық шығындарды қарастырмайды.

4

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсері.

Жоба қабылданған жағдайда болжамды әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарларды, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсерін көздемейді.

5

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері.

Нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келтіру.

6

Президенттің және/немесе Үкіметтің, облыс әкімінің, әкімдігінің, аудан әкімінің, әкімдігінің актілері, Жобада қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданған мәслихат шешімдері және оларды іске асыру нәтижелері туралы мәліметтер.

«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 26 мамырдағы
№ 123 қаулысы

9

Жобаны мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат

Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған

https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14631961, интернет-ресурста орналастырылған

10

Уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында әлеуметтік маңызы бар қаулы (шешім) жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат.

Пресс-релиз аудан әкімдігі қаулысының жобасына Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімі аппаратының ресми сайтында орналастырылған

11

Әлеуметтік маңызы бар қаулы (шешім) жобасына Қоғамдық кеңестің ұсынымдары туралы ақпарат

Қоғамдық кеңестің қарауына жолданды

 

 

 

«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 26 мамырдағы № 123 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің қаулы жобасына ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ
Дата публикации
19 июля 2023