ҚАУЛЫ ЖОБАСЫ
«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігі әкімінің аппараты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы»
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы
26 мамырдағы № 123 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
65 бабы 3 тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
аталған қаулымен бекітілген, «Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы әкімдігі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
15 тармақтың 42), 43) тармақшалары алып тасталсын.
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен «Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы әкімдігі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге енгізілген өзгеріс жөнінде әділет органдарын хабардар етуді қамтамасыз етсін.
Есіл ауданы әкімінің
міндетін атқарушы А.Бектасова