Комиссия мүшесі ретінде міндеттерін орындауды тоқтату туралы ХАБАРЛАМА

Есіл аудандық сайлау комиссиясының сайлау комиссияларының мүшесі ретінде міндеттерін орындауды тоқтату туралы ХАБАРЛАМАСЫ

 

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 20-бабының 12-тармағына сәйкес кандидаттардың жұбайы және жақын туыстары, сондай-ақ кандидаттарға тікелей бағынышты адамдар, осы кандидат қатысатын сайлау округіндегі сайлауды тікелей ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ететін сайлау комиссияларына мүше бола алмайды.

         Осыған байланысты, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 20-бабы 12-тармағы негізінде Есіл аудандық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

2023 жылдың 11 ақпанынан бастап сайлау комиссиясының мүшесі ретінде міндеттерін орындауды, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша сайлау науқаны кезеңіне, келесі тұлғаларға тоқтату:

         № 1 округтік сайлау комиссиясының мүшесі О.А. Запорожец, кандидат М.К. Ахметжановаға тікелей бағыныста болғандықтан, уақытша комиссия құрамына Наталья Васильевна Митина енгізілсін;

         № 10 округтік сайлау комиссиясының мүшесі Н.П. Бельскаяны, кандидат М.П. Бромоттың  жақын туысы болғандықтан, уақытша комиссия құрамына Людмила Викторовна Хохлова енгізілсін.

 

Комиссия мүшесі ретінде міндеттерін орындауды тоқтату туралы ХАБАРЛАМА
Дата публикации
11 февраля 2023