Есіл ауданы депутаттарының тізімі

 

Әбілғазин Қайрат Ахметжанұлы

Есіл сайлау округі бойынша мәслихатының депутаты

 

Қайрат Ахметжанұлы Әбілғазин, 1960 жылы 14 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы Преснов ауданы Баян ауылында дүниеге келген. 1967 жылдан бастап 1977 жылға дейін СҚО Жамбыл ауданының Баян орта мектебінде оқып, білім алды. 1978 жылдан бастап 1980 жылға дейін ССРО Қарулы күштері қатарында өз әскери міндетін атқарды. 1980 жылы Алматы малдәрігерлік институтына түсіп, 1986 жылы «Зооинженер» мамандығы бойынша тәмамдады.Еңбек жолын 1986 жылы Преснов ауданының «Островский» кеңшарында № 2 бөлімшесінің зоотехнигі болып бастады. 1991-1993 жылдары аралығында Преснов ауданы «60 лет Октября» кеңшарының бас зоотехнигі. 1993-1998 жылдары — СҚО Есіл ауданының «Заречный» кеңшарының бас зоотехнигі. 1998 жылы Есіл ауданының Заречный ауылдық округі әкімі ретінде тағайындалды. 2001 жылы альтернатива негізінде Заречный ауылдық округінің әкімі болып сайланды. 2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «AMANAT» партиясы Есіл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып жұмыс істейді.2010 жылы III дәрежелі «Еңбек даңқы» төс белгісімен, 2012 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.«AMANAT» партиясының мүшесі.

Үйленген, 4 баланы тәрбиеледі.

 

 

 

 

 

 

Гольцер Петр Федорович

Есіл сайлау округі бойынша мәслихатының депутаты

 

Петр Федорович Гольцер, 1957 жылы 14 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл ауданы Выселки селосында дүниеге келген, ұлты неміс. Білімі жоғары, 1984 жылы Қорған ауыл шаруашылық институтын «Зоотехник-инженер» мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 1984 жылы Новоникольск кеңшарының № 1 бөлімшесінің зоотехнигі болып бастады, 1985 жылы ауысу тәртібінде «Рассвет» кеңшарының № 2 бөлімшесінің зоотехнигі қызметіне тағайындалды. 1986 жылдан Ульянов кеңшарында зоотехник болып жұмыс істеді. 1987 жылдан Торанғұл кеңшарында бас зоотехнигі. 1997 жылдан бері осы уақытқа дейін «Азия-Торанғұл» ЖШС-нің директоры.

Белсенді және жемісті еңбегі үшін «Құрмет» орденімен — 2007 жылы, «Парыз — 2008», «Парыз — 2009», «Парыз — 2018» сыйлығының жеңімпазы, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 20 жыл» мерекелік медальдарымен, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен, жыл қорытындысы бойынша жоғары өндірістік көрсеткіштері үшін — 2005 жылы, 2008 жылы дипломымен, Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың «Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін» дипломымен марапатталды.

«AMANAT» партиясының мүшесі.

Үйленген, төрт бала тәрбиелеуде.

 

 

Жәукенов Нұрболат Серікұлы

Есіл сайлау округі бойынша мәслихатының депутаты

 

Нұрболат Серікұлы Жәукенов, 1994 жылы 3 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Тауағаш ауылында дүниеге келген, ұлты қазақ. Білімі жоғары, 2016 жылы М. Қозыбаев ат. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 2016 жылы «Торанғұл орта мектебі» КММ-де бастапқы әскери даярлықтың ұйымдастырушы-оқытушысы болып бастады. 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Есіл ауданының білім бөлімі» КММ «Балалар-жасөспірімдер аула клубы» КММ директорының м.а.

Облыстың білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасының алғысымен атап өтілді.

«Қазақстан Халық партиясы» партиясының мүшесі.

Бойдақ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазиев Аманжол Жамақұлы

Депутат маслихата по Есильскому избирательному округу

 

Аманжол Жамақұлы Қазиев, 1976 жылы 5 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы Сергеев ауданы Октябрьский кеңшарында дүниеге келген, ұлты қазақ. Білімі жоғары, 1998 жылы № 2 Ақмола медициналық колледжін «Фельдшер» мамандығы бойынша, 2005 жылы Ақмола мемлекеттік медициналық академиясын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 1998 жылы Тимирязев аудандық ауруханасының жедел жәрдем фельдшері болып бастады. 2005-2006 жылдары-Петропавл қаласының жедел жәрдем дәрігері. 2006-2010 жылдары - облыстық аурухананың анестезиолог-реаниматолог дәрігері. 2010 жылдан — Мамлют аудандық ауруханасының анестезиолог-реаниматологы. 2015-2018 жылдары — Мамлют аудандық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары. 2018 жылдан қазіргі уақытқа дейін Есіл ауданының Явленка аудандық ауруханасының бас дәрігері.

Белсенді және жемісті жұмысы үшін А.Ж.Қазиев келесі марапаттарға ие:

  • Мамлют ауданы әкімінің Құрмет грамотасы.
  • «AMANAT» партиясы облыстық филиалының Алғыс хаты.

«AMANAT» партиясының мүшесі.

Үйленген, екі бала тәрбиелеуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Қойшыбаев Біржан Төлеббергенұлы

Депутат маслихата по Есильскому избирательному округу

 

Біржан Төлеббергенұлы Қойшыбаев, 1992 жылы 26 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы Мәскеу ауданы Бұлақ ауылында дүниеге келген, ұлты қазақ. Білімі жоғары, 2013 жылы «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, «Лейтенант» әскери шенін игерумен «Мотоатқыш бөлімше командирі» мамандығы бойынша әскери — есеп кафедрасын тәмамдады.

Еңбек жолын 2012 жылы «СҚО әкімдігінің муниципалды телерадиарнасы» ЖШС тілшісі болып бастады. 2013 жылдың

ақпанынан 2013 жылдың шілде аралығында «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің инспекторы болып жұмыс атқарды. 2013 жылдың тамызынан 2017 жылдың қыркүйек аралығында «Кинорежиссер А. Шәжімбаев атындағы № 3 Явленка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі болып жұмыс атқарды.

2017 жылдың қыркүйегінен 2018 жылдың тамыз аралығында «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аудандық әдістемелік кабинетінің әдіскері. 2018 жылдың тамыз айынан «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аудандық әдістемелік кабинетінің меңгерушісі қызметін атқарды. 2020 жылдың қараша айынан қазіргі уақытқа дейін «Покровка орта мектебі» КММ-нің директоры.

Белсенді және жемісті жұмысы үшін Б.Т.Қойшыбаев келесі марапаттарға ие:

  • 2018 ж. — Ы. Алтынсарин ат. ҰБА Алғыс хаты.
  • 2019 ж. — Есіл ауданы әкімінің Алғыс хаты.
  • 2020 ж. — Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің Құрмет грамотасы, Солтүстік Қазақстан облысы «AMANAT» партиясы филиалы төрағасының Алғыс хаты.
  • 2021 ж. — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың Алғыс хаты.

«AMANAT» партиясының мүшесі.

Үйленген, бір бала тәрбиелеуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оспанова Әминә Бейбітқызы

Есіл сайлау округі бойынша мәслихат депутаты

 

Оспанова Әминә Бейбітқызы, 1981 жылғы 12 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысы Ленин ауданының Өрнек ауылында дүниеге келген. 2008 жылы Көкшетау университетін «Педагог-психолог» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Николаевка ауылындағы Николаевка орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып бастаған.

Қазіргі уақытта Николаевка ауылында «Асқар Игібаев атындағы орта мектеп» КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда.

«AMANAT» партиясының мүшесі.

Тұрмыста. Төрт баланы тәрбиелеуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Олексюк Владимир Владимирович

Есіл сайлау округі бойынша мәслихатының депутаты

 

Владимир Владимирович Олексюк, 1978 жылы 18 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Москворецкое ауылында дүниеге келген, ұлты украин. Білімі жоғары, 2009 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 2006 жылы «Амангелді-Есіл»ЖШС-нің директоры болып бастады. 2019-2020 жылдары «Агрохимснаб» ЖШС директорының м.а. 2020 жылдың наурыз айынан қазіргі уақытқа дейін «Агрохимснаб» ЖШС директоры.

«AMANAT» партиясының мүшесі.

Үйленген, екі бала тәрбиелеуде. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Позолотин Денис Николаевич

Есіл сайлау округі бойынша мәслихатының депутаты

 

Денис Николаевич Позолотин, 1980 жылы 27 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы Ленин ауданы Явленка селосында дүниеге келген, ұлты орыс. Білімі жоғары, 2007 жылы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Инженер-сарапшы» мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 1999 жылдан фермерлік шаруашылықтың агроном — есепшісі болып бастады. 2004 жылдан — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәдениет және спорт бөлімінің бас маманы. 2005 жылдан Есіл ауданының білім беру және спорт бөлімінің бас маманы. 2010 жылдан — Есіл ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бастығы. 2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Есіл сұрыпты сынау үлескісінің басшысы.

Белсенді және жемісті еңбегі үшін 3 дәрежелі «Еңбек — Даңқы» медалімен, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Қазақстан Республикасы дене шынықтыру және спорт министрлігінің, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің, Есіл ауданы әкімінің құрмет грамоталарымен, Есіл ауданы әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

«AMANAT» партиясының мүшесі.

Үйленген, ұл мен қыз тәрбиелеуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Трушникова Валентина Алексеевна

Есіл сайлау округі бойынша мәслихатының депутаты

 

Валентина Алексеевна Трушникова, 1991 жылы 10 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы Ленин ауданы Явленка селосында дүниеге келген, ұлты орыс. 2009 жылы Явленка орта мектебін тәмамдады. Білімі жоғары, 2013 жылы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Шетел тілдері» мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 2013 жылы Амангелді орта мектебінде ағылшын тілі мұғалімі болып бастады. 2014-2019 жылдары — «Кеңес Одағының батыры Т.Позолотин ат. № 1 Явленка орта мектебі» КММ ағылшын тілі мұғалімі. 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Кеңес Одағының батыры Т.Позолотин ат. № 1 Явленка орта мектебі» КММ директорының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары және ағылшын тілі мұғалімі.

Жетістіктері:

  • Ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған бейне-дәрістер облыстық байқауында 2 орын;
  • Ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған облыстық олимпиадада 3 орын;
  • Ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған республикалық және халықаралық байқауларда қатысқаны үшін алғыс;
  • «Үздік авторлық бағдарлама» облыстық байқауына қатысқаны үшін грамота; Есіл ауданы әкімінің алғыс хаты;
  • «Білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ директорының алғыс хаты.

«AMANAT» партиясының мүшесі.

Тұрмыста емес.

 

 

 

 

 

 

 

Усманова Жұмабийке Қазманқызы

Есіл сайлау округі бойынша мәслихатының депутаты

 

Жұмабийке Қазманқызы Усманова, 1962 жылы 2 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы Ленин ауданы Талапкер селосында дүниеге келген, ұлты қазақ. Білімі жоғары, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Мектепке дейінгі сыныптың аға тәрбиешісі» мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 1979 жылы Талапкер ауылдық клубының меңгерушісі болып бастады. 1980-1981 жылдары — Петропавл қ. емханалық бөлімшесінің санитары. 1982-1984 жылдары — Петропавл қ. № 26 байланыс бөлімшесінде телеграфшы. 1985-1995 жылдары — «Огонек» балабақшасында бала күтуші. 1995-1998 жылдары — «Солнышко» балабақшасында қазақ тілі пәнінің оқытушысы. 1998-2004 жылдары - Явленка а. «Балапан» балабақшасының тәрбиешісі. 2004-2005 жылдары — № 3 Явленка орта мектебінде пионер жетекшісі. 2005 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Есіл ауданының білім бөлімі» КММ «Балапан» бөбекжай бақшасы» КМҚК меңгерушісі.

Белсенді жұмысы үшін сертификатпен және дипломдармен, партия атынан алғыс хаттармен, Білім және ғылым қызметкерлерінің қазақ салалық кәсіптік одағы Солтүстік Қазақстан облыстық ұйымының Құрмет грамотасымен, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

«Қазақстан Халық партиясы» партиясының мүшесі.

Тұрмыста. Үш баланы тәрбиеледі.

 

Есіл ауданы депутаттарының тізімі
Дата публикации
14 декабря 2022