2021 жылдың 25 шілдесіне тағайындалған, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары

Есіл аудандық сайлау комиссиясының

2021 жылғы 25 маусымдағы №06/04 қаулысына қосымша

 

 

2021 жылдың 25 шілдесіне тағайындалған, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

 Күнтізбелік жоспары

1. Ауылдық округтердің әкімдерін (бұдан әрі-әкімдер) сайлауды тағайындау

 

Есіл аудандық сайлау комиссиясы

2021 жыл 25 маусым

(113-1-б. 2,3-т.)

2. Тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау округтерінің шекараларын және аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, олардың тізімін жариялау

 

Есіл аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2021 жылдың 5 шілдесінен кешіктірмей

(22-б.)

3. Бұқаралық ақпарат құралдарында аудандық сайлау комиссиясының құрамын жариялау

 

Есіл аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2021 жылдың 5 шілдесінен кешіктірмей

 

(13-б. 4-т.)

4. Бұқаралық ақпарат құралдарында учаскелік сайлау комиссияларының құрамын жариялау

 

Есіл аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2021 жылдың 10 шілдесінен кешіктірмей

 

(17-б. 2-т.)

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Есіл ауданының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күн

2021 жылдың 10 шілдесінен кешіктірмей

 

(23-б. 5-т.)

6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және азаматтар өзін-өзі ұсыну тәртібімен.

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, ол сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге он бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

2021 жылдың 26 маусымы басталады және 2021 жылдың 9 шілдесі жергілікті уақыт он сегіз сағатта аяқталады

(113-3-Б. 1-т.)

7. Әкімдікке кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Есіл аудандық сайлау комиссиясы

(4 б.2тт.) 113-5-б. 11-т.)

          8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Есіл аудандық сайлау комиссиясы

Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

(4 б.8-1)т. 31-б.)

9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Есіл аудандық сайлау комиссиясы

Кандидат Қазақстан Республикасының Конституциясында және конституциялық заңда, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күн мерзімде

(113-4 б)

 

10. Әкімдікке кандидаттарды қолдау үшін жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Есіл аудандық сайлау комиссиясы паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып.

Қол қою парақтары аудандық сайлау комиссиясына тапсырылғаннан кейін үш күн мерзімде өткізіледі.

(113-4-б. 7-т.)

11. Жергілікті атқарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі

 

Әкімдікке кандидаттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидатты тіркегенге дейін

(113-5-б. 2-т.)

12. Ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну (2021 жылдың 1 шілдесіне)

 

Кандидат және оның жұбайы.

Кандидатты тіркегенге дейін

 (113-5б. 3т.)

13. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кірістер органдары.

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде.

(113-5-б. 4-т.)

14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Есіл аудандық сайлау комисиясы

Ол барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен он күн бұрын жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады

2021 жылдың 26 маусымы басталады және 2021 жылдың 14 шілдесі жергілікті уақыт бойынша он сагіз сағатта аяқталады

 

( 113-5-б.)

15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Есіл аудандық сайлау комиссиясы

Кандидаттарды тіркегеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей.

( 113-5-б. 9-т.)

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Есіл ауданы әкімдігі және Есіл аудандық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

( 28-б. 6-т.)

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған кезден басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

2021 жылдың 14 шілдесі жергілікті уақыт бойынша он сегіз сағаттан кейін басталады және 2021 жылдың 24 шілдесі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

(27-б. 2-т.)

18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру, бөлінген үй-жайларда кандидаттардың және олардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен кездесуі кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Есіл ауданы әкімдігі және Есіл аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б. 4-т.)

19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну

 

Есіл ауданының әкімі

Дауыс беру басталғанға дейін жиырма күн бұрын

2021 жылдың 4 шілдесінен кешіктірмей

(24-б. 5-т.)

20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру күніне он бес күн қалғанда

2021 жылдың 9 шілдесінен кешіктірмей

(26-б. 1-т.)

21. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету

 

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күннен кемінде он күн бұрын

2021 жылдың 14 шілдесінен кешіктірмей

(18-б. 5)тт., 38-б. 2-т.)

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу

 

Есіл аудандық сайлау комиссиясы

Сайлауға дейін кемінде үш күн бұрын және бір күннен бкешіктірмей

2021 жылдың 22 шілдесінен ерте емес және 2021 жылдың 24 шілдесінен кешіктірмей

(37-б. 3-т.)

23. Дауыс беру үшін сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру басталғанға дейін бір сағат бұрын

2021 жылдың 25 шілдесі жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-де

(40-б. 1-т.)

24. Дауыс беруді өткізу

 

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

2021 жылдың 25 шілдесі жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

25. Сайлау учаскесінде әкімді сайлау бойынша дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

2021 жылдың 25 шілдесі жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады

(18-б. 8)тт., 43-б.)

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін жалпы жұрттың танысуы үшін сайлау учаскесінің үй-жайында арнайы белгіленген орынға ілу

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу

(43-б. 8-т.)

27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды Есіл аудандық сайлау комиссиясына ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

(113-8-б. 1-т.)

28. Әкім сайлауының қорытындыларын анықтау

 

Есіл аудандық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

2021 жылдың 28 шілдесінен кешіктірмей

 

(113-10 б.)

 

29. Әкімдерді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Есіл аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап төрт күннен кешіктірмей

2021 жылдың 28 шілдесінен кешіктірмей

 

 

(44 б.)

30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру

 

Есіл аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сәйкес келмейтін міндеттерді өздерінен алып тастау туралы жазбаша өтініш алынғаннан кейін.

2021 жылдың 31 шілдесінен кешіктірмей

(45-б., 46-б. 2-т., 113-11-Б.)

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

2021 жылдың 25 шілдесіне тағайындалған, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары
Дата публикации
26 июня 2021