ШЕШІМ

 

 

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданының Заградовка ауылдық округінің

2025-2027 жылдарға арналған

бюджетін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 91-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-7-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Заградовка ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 35 347 мың теңге:

салық түсімдері - 8 830 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер-3 200 мың теңге;

арнайы түсімдер - 0 мың теңге;

трансферттер түсімдері - 23 317 мың теңге;

2) шығындар - 35 871,9 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 мың теңге:

бюджеттік кредиттер -0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу-0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер -0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - -524,9 мың теңге;

6) бюджеттің мұнай емес тапшылығы (профициті) - -524,9 мың теңге;

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 524,9 мың теңге:

қарыздар түсімі-0 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары-524,9 мың теңге.

1-1.   Заградовка ауылдық округі бюджетінің шығыстарында қаржы жылының басында қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен 2024 қаржы жылында облыстық бюджеттен 0,1 мың теңге, аудандық бюджеттен 0,2 мың теңге сомасында бөлінген пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді қайтару 4-қосымшаға сәйкес көзделсін.

1-2.   Заградовка ауылдық округінің бюджетінде 4-қосымшаға сәйкес қаржы жылының басында қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен шығыстар көзделсін.

  1. 2025 жылға арналған Заградовка ауылдық округі бюджетінің кірістері Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 27-бабына сәйкес қалыптастырылады деп белгіленсін.
  2. 2025 жылға аудандық бюджеттен Заградовка ауылдық округінің бюджетіне бюджеттік субвенциялар көлемі 21 534 мың теңге сомасында көзделсін.
  3. 2025 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заградовка ауылдық округінің бюджетінде республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің көлемі көзделсін, оның ішінде:

 

азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын арттыруға;

 

Аталған трансферттерді республикалық бюджеттен бөлу Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заградовка ауылдық округі әкімінің «Есіл ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Заградовка ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешімін іске асыру туралы» шешімімен айқындалады.

 

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заградовка ауылдық округінің 2025 жылға арналған бюджетінде аудандық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің көлемі көзделсін, оның ішінде:

 

еңбекақы төлеу қорына;

 

Көрсетілген нысаналы трансферттерді аудандық бюджеттен бөлу Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заградовка ауылдық округі әкімінің «Есіл ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Заградовка ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешімін іске асыру туралы» шешімімен айқындалады.

  1. Заградовка ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған шығыстары 1,2,3 қосымшаларға сәйкес белгіленсін.
  2. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №23/366 «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Заградовка ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы», 2025 жылғы 4 наурыздағы №24/384 «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №23/366 «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Заградовка ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімдерінің күші жойылсын.
  3. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

                  

Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданының

мәслихат төрағасы                                                                         Е. Тұтқышев

Дата публикации
08 мая 2025