2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі есеп

2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі есеп

 

Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, Заградовка ауылдық округі әкімінің аппаратымен 5 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, олар: «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Жер учаскесін жеке меншікке, біржолғы немесе бөліп-бөліп сату», «Жер учаскесін сатып алу сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар», «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру», «Жер учаскесін алуға кезекке қою».

          2023 жылы Е-лицензиялау ақпараттық жүйесі арқылы 4 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетілмеген.

Көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз электрондық түрде көрсетілген - 3 мемлекеттік қызмет, тікелей байланыспен 1.:

Сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу - 2.

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру - 1;

Елді мекен шегінде құрылыс үшін жер учаскесін беру – 1.

          Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама нысан бойынша жіберілді, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) көрсетілді.

          «Connection Point электрондық үкіметі» веб-портал арқылы - 383 қызмет, ең жиі сұралатын қызметтер-қашықтан ЭЦҚ алу - 157 мемлекеттік қызмет, туберкулезге қарсы диспансерден анықтама беру – 16, тұрғылықты жері бойынша тіркелу – 24, соттылығының жоқтығы туралы анықтама алу - 49 қызмет. Заградовка ауылдық округі әкімінің аппаратымен 12 ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді:

- «Электрондық форматтағы мемлекеттік қызметтер» дәрісі;

- «2022 жылғы мемлекеттік қызметтер бойынша есеп» тікелей эфирі өткізілді

- электрондық үкімет порталы арқылы қашықтан ЭЦҚ алу мәселесі бойынша 9 түсіндіру іс-шарасы өткізілді.

          - Заградовка ауылының тұрғындарымен «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мәселесі бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді;

          Барлығы 2023 жыл ішінде ақылы негізде мемлекеттік қызметтер көрсетілмеген.

Халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қолжетімділік және ақпараттандыру мақсатында ауылдық округ әкімінің аппаратында көрнекі ақпараты бар стенд орналастырылды (көрсетілетін қызметтердің атауы және оларды көрсетуге жауапты тұлғалар, жұмыс кестесі, өтініш үлгілері, шағымдар журналы). Осыған ұқсас ақпарат әкім аппаратының сайтында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде және Фейсбукте орналастырылған.          

         Мемлекеттік қызметтер көрсетуді ішкі бақылау нәтижелеріне сәйкес, 2023 жыл ішінде қызмет көрсету мерзімдерін бұзу тіркелген жоқ.

Ауылдық округ тұрғындары арасында 300 дана брошюра таратылды. 

Халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында әкім аппараты түсіндіру іс-шараларын («Ашық есік күні», семинарлар, дөңгелек үстелдер, БАҚ-та, «Facebook» әлеуметтік желісінің платформасында және мемлекеттік органның ресми сайтында мақалалар жариялау) өткізу,  мемлекеттік органның қызмет көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді сақтау жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады.

         Мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.

 

 

 

Отчет по оказанию государственных услуг за 2023 год
Дата публикации
17 апреля 2024