Шешім 1

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы

27 желтоқсандағы №11/171 «2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Заградовка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешімін іске асыру туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Бюджет колексінің 79-бабының 1 және 2-тармақтарына, «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің №403 бұйрығына сәйкес ауылдық округ әкімі ШЕШТІ:

  1. 2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заградовка ауылдық округінің бюджеті сәйкесінше 1,2,3 қосымшаларға сәйкес,соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
  2. 2024 жылға арналған Заградовка ауылдық округі бюджетінің кірістері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 52-1-бабына сәйкес құрылатындығы белгіленсін.

 

  1. 2024 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заградовка ауылдық округінің бюджетінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы ағымдағы трансферттердің көлемдері қарастырылсын, соның ішінде:

азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар жұмысшыларының жалақысын арттыруға.

  1. 2024 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заградовка ауылдық округініңбюджетінде облыстық бюджеттен берілетін нысаналы ағымдағы трансферттердің көлемдері қарастырылсын, соның ішінде:

               Есіл ауданы Заградовка ауылдық округінің Заградовка ауылындағы кентішілік жолдарды орташа жөндеуге.

  1. 2024 жылға аудандық бюджеттен Заградовка ауылдық округінің бюджетіне бюджеттік субвенциялар көлемі 18 345 мың теңге сомасында көзделсін.
  2. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заградовка ауылдық округінің 2024 жылға арналған бюджетінде аудандық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің көлемі көзделсін, оның ішінде:

      еңбекақы төлеу қорына;

      ағымдағы шығындарға.

  1. Заградовка ауылдық округі бойынша 2024-2026 жылдарға арналған шығыстар 1,2,3 қосымшаларға сәйкес белгіленсін.
  2. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Шешім 1
Дата публикации
16 февраля 2024