Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №37/546 «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Заградовка ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №37/546 «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Заградовка ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

1) кірістер – 39 424 мың теңге:

салық түсімдері - 11 641 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1 961 мың теңге;

арнайы түсімдер - 0 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 25 822 мың теңге;

2) шығындар – 39 677 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 мың теңге:

бюджеттік кредиттер - 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - -253 мың теңге;

6) бюджеттің мұнай емес тапшылығы (профициті) – -253 мың теңге;

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 253 мың теңге:

қарыздар түсімі - 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары-253 мың теңге.»;

Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

 

  1. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданының

мәслихат төрағасы                                                                         Е. Тұтқышев



Дата публикации
13 августа 2026