Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №37-546 «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Заградовка ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 7-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 85-бабы 3-тармағына, 89-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-7-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Заградовка ауылдық

округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 39 216 мың теңге:

салық түсімдері - 11 433 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1 961 мың теңге;

арнайы түсімдер - 0 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 25 822 мың теңге;

2) шығындар – 39 469 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 мың теңге:

бюджеттік кредиттер - 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - -253 мың теңге;

6) бюджеттің мұнай емес тапшылығы (профициті) – -253 мың теңге;

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 253 мың теңге:

қарыздар түсімі - 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары-253 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. 5 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

   «5. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заградовка ауылдық округінің 2026 жылға арналған бюджетінде аудандық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің көлемі көзделсін, оның ішінде:

еңбекке ақы төлеу қорына;

елді мекендердегі көшелерді жарықтандыруға;

Жамбыл, Тонкошуровка ауылдарында электр энергиясына кешенді блок-модульдерді қосу бойынша жұмыстарға.

Көрсетілген нысаналы трансферттерді аудандық бюджеттен бөлу Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заградов ауылдық округі әкімінің «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2026-2028 жылдарға арналған шешімін іске асыру туралы» шешімімен айқындалады.

  1. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

                  

 

Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданының

мәслихат төрағасы                                                                         Е. Тұтқышев

Дата публикации
22 апреля 2026