GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Әкім аппараты
Қызметі
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Все материалы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
11 июня 2026
Анонс

2026 жылғы 20 маусымда «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің Явленка ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелеріне қоғамдық талқылау өткізеді.

            Барлық мүдделі тұлғалар талқылауға қатыса алады.

Қатысуға қатысты сұрақтар бойынша 2026 жылдың 19 маусымына дейін 22847 телефонына хабарласуға болады.

Бюджет
27 апреля 2026
Баспасөз-релизі

«Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы

Явленка ауылдық округінің

2026-2028 жылдарға арналған

бюджетін бекіту туралы»

Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы мәслихатының

2025 жылғы 24 желтоқсандағы

№ 37/555 шешім жобасына өзгерістер

енгізу туралы

баспасөз – релизі

 

Жобаны әзірлеуші орган «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің Явленка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ болып табылады.

2026 жылға арналған Явленка ауылдық округінің бюджетін нақтылау «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 94 бабына, 96 бабының 1, 4 тармақтарына, Қазақстан Республикасы 2025 жылғы 15 наурыздағы Бюджет кодексінің 31 бабының 2 тармағына сәйкес, сонымен қатар бюджеттік бағдарламаларды тиімді іске асыру мақсатында аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, ауылдық округтер әкімдерінің өтінімдері.

          Бюджетті нақтылау көзі:

 

  1. Салық түсімдері есебінен бюджет кірісінің ұлғаюы.
  2. Бюджеттің шығыс бөлігін ұлғайту.

III. Бюджеттің шығыс бөлігін қайта бөлу.

 

 

 

          Явленка ауылдық округінің әкімі                                      Н.Сисенбаев

 

 

 

 

 

 

 

Бюджет
27 апреля 2026
Жоба

Жоба

 

 

«Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің

2026-2028 жылдарға арналған

бюджетін бекіту туралы»

Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы мәслихатының

2025 жылғы 24 желтоқсандағы

№ 37/555 шешіміне өзгерістер

 енгізу туралы

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Явленка ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2025 жылғы                     24 желтоқсандағы № 37/555 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

          1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

          «1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті сәйкесінше 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

     1) кірістер – 985 579 мың теңге:

      салықтық түсімдер – 606 763 мың теңге;

      салықтық емес түсімдер - 0 мың теңге;

      негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер   - 1 966 мың теңге;

      арнаулы тусімдер - 0 мың теңге;

      трансферттер түсімі – 376 850 мың теңге;

  • шығындар – 987 123,4 мың теңге;
  • таза бюджеттік кредиттеу - 0 мың теңге:

бюджеттік кредиттер - 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 мың теңге;

4)  қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

5)  бюджет тапшылығы (профициті) - - 1 544,4 мың теңге;

6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) - - 1 544,4 мың                                                                                теңге;

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1 544,4 мың теңге:

қарыздар түсімі - 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 544,4 мың теңге.»;

     көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.                                             

  1. 2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы мәслихатының төрағасы

 

 

 

                                   Е.Тұтқышев

 

Явленка ауылдық округі әкімінің аппараты
10 апреля 2026
Ақпараттық Құқық кабинеті

 

«Құқық кабинеті» — үйіңізге жақын заң көмегі» Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық елді мекендерінің тұрғындарына құқықтық ақпарат алу және мемлекеттік электрондық қызметтерді пайдалану айтарлықтай жеңілдеді.

Өңірдің аудандық және ауылдық әкімдіктерінде өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштарының базасында орналасқан «Құқық кабинеттері» жұмыс істейді. «Құқық кабинеттері» негізгі мемлекеттік және құқықтық ақпараттық жүйелерге қолжетімділігі бар арнайы компьютерлермен жабдықталған.

Олардың көмегімен тұрғындар өз бетінше құқықтық ақпарат алып, мемлекеттік қызметтерге жүгініп, өз елді мекенінен шықпай-ақ электрондық өтініштер жолдай алады. «Құқық кабинеті» арқылы мынадай жүйелер мен сервистер қолжетімді: «Әділет» ҚБЖ; нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкі; «Заң» деректер базасы; «Ашық НҚА» порталы; eGov электрондық үкімет порталы; «Zankomegi» сервисі; «Тараптар кабинеті» (АЖ ОИП); e-Otinish жүйесі және басқалары. Бұл азаматтарға заңдар мен түсіндірмелерді жылдам табуға, өтініштер мен сұраныстарды электрондық форматта жолдауға, олардың мәртебесін бақылауға, сондай-ақ консультациялық және ақпараттық қолдау алуға мүмкіндік береді.

Құқық кабинеттерінде ақпараттық стендтер орналастырылған, онда «Құқық кабинеттерінің» жұмысы туралы мәліметтер, заң қызметтерінің байланыс деректері және пайдалы анықтамалық материалдар көрсетілген. «Құқық кабинеттерінің» тиімді жұмыс істеуі үшін ауылдық округ мамандары нұсқамадан өтіп, жүйенің жұмыс істеу қағидаттарымен таныстырылды.

          Қазіргі уақытта азаматтардың келу және жүгіну белсенділігіне мониторинг жүргізілуде, бұл көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. «Құқық кабинеттерін» құрудың негізгі мақсаты — ауыл тұрғындарының құқықтық ақпаратқа тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру және жедел заң көмегін алуға қолайлы жағдай жасау.

Ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда. «Құқық кабинеті» — құқықтық көмектің қолжетімді, түсінікті әрі әрбір тұрғынға жақын болуына бағытталған тағы бір қадам.

                                                                                                               Әділет департаментінің бас маманы Каратаева Д.М.

Бюджет
17 февраля 2026
Жоба

Жоба

 

 

«Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің

2026-2028 жылдарға арналған

бюджетін бекіту туралы»

Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы мәслихатының

2025 жылғы 24 желтоқсандағы

№ 37/555 шешіміне өзгерістер

 мен толықтыру енгізу туралы

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Явленка ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2025 жылғы                     24 желтоқсандағы № 37/555 шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

          1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

          «1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті сәйкесінше 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін»:

     1) кірістер – 592 067 мың теңге:

      салықтық түсімдер - 218 351 мың теңге;

      салықтық емес түсімдер - 0 мың теңге;

      негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер   - 1 966 мың теңге;

      арнаулы тусімдер - 0 мың теңге;

      трансферттер түсімі – 371 750 мың теңге;

  • шығындар – 593 605,2 мың теңге;
  • таза бюджеттік кредиттеу - 0 мың теңге:

бюджеттік кредиттер - 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 мың теңге;

4)  қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

5)  бюджет тапшылығы (профициті) - - 1 538,2 мың теңге;

6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) - - 1 538,2 мың                                                                                теңге;

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1 538,2 мың теңге:

қарыздар түсімі - 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 538,2 мың теңге.»;

  • тармақпен келесі мазмұнда толықтырылсын:

 «1-1. 2026 жылға арналған Явленка ауылдық округінің бюджетінде 4 қосымшаға сәйкес қаржы жылының басында қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен шығындар қарастырылсын».;

     3-1 тармақпен келесі мазмұнда толықтырылсын:

    «3-1. 2026 жылға арналған бюджетте аудандық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің түсімі көзделсін, оның ішінде:

      ауылды абаттандыруға».

      Аудандық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округі әкімінің «Есіл ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Явленка ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешімін іске асыру туралы»  шешімімен айқындалады.

          аталған шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

аталған шешім осы шешімінің 2 қосымшасына сәйкес 4 қосымшамен толықтырылсын.

  1. 2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы мәслихатының төрағасы

 

 

 

                                   Е.Тұтқышев

 

Бюджет
23 декабря 2025
Жоба

 

Жоба

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданының

Явленка ауылдық округінің

2026-2028 жылдарға арналған

бюджетін бекіту туралы

 

 

          Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 7 бабы 1 тармағының                    4 тармақшасына, 85 бабының 3 тармағына, 89 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 2-7 тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті сәйкесінше 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

     1) кірістер – 589 292 мың теңге:

      салықтық түсімдер - 218 351 мың теңге;

      салықтық емес түсімдер - 0 мың теңге;

      негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер   - 1 966 мың теңге;

      арнаулы тусімдер - 0 мың теңге;

      трансферттер түсімі – 368 975 мың теңге;

  • шығындар – 589 292 мың теңге;
  • таза бюджеттік кредиттеу - 0 мың теңге:

бюджеттік кредиттер - 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 мың теңге;

4)  қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

5)  бюджет тапшылығы (профициті) - 0 мың теңге;

6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) - 0 мың                                                                                теңге;

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 0 мың                                                                                теңге:

қарыздар түсімі - 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 мың теңге.

  1. 2026 жылға арналған Явленка ауылдық округі бюджетінің кірістері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 26 бабына сәйкес қалыптастырылады деп белгіленсін.
  2. 2025 жылға арналған бюджетте республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер түсімі көзделсін, соның ішінде:

мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің жалақысын арттыруға.

2026-2028 жылдары жергілікті атқарушы органдар бойынша мемлекеттік қызметшілердің төменгі санаттарына лауазымдық жалақыларын арттыруға;

Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің Явленка ауылындағы ауылішілік жолдарды орташа жөндеуге;

Есіл ауданының Явленка ауылындағы «Есіл ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі»  КММ аумағын абаттандыру және көпфункционалды спорт ғимаратын күрделі жөндеуге.

Аталған трансферттерді облыстық бюджеттен бөлу Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округі әкімінің «Есіл ауданы мәслихатының 2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешімін іске асыру туралы» шешімімен айқындалады.

  1. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы мәслихатының төрағасы

 

 

 

                                   Е.Тұтқышев

 

Бюджет
17 декабря 2025
Жоба

     

Жоба

 

                             

 

 «Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің

2025-2027 жылдарға арналған

бюджеттін бекіту туралы»

Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы мәслихатының

2025 жылғы 8 мамырдағы №27/429

шешіміне өзгерістер

 енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 97-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШІМ:

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Явленка ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 8 мамырдағы № 27/429 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

          1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

 «1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті сәйкесінше 1, 2, 3- қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

          1) кірістер – 610 487 мың теңге:

          салықтық түсімдер – 154 756 мың теңге;

          салықтық емес түсімдер - 1 мың теңге;

          негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 824 мың теңге;

          трансферттердің түсімдері – 453 906 мың теңге;

          2) шығындар – 613 756,2  мың теңге;

          3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 мың теңге:

          бюджеттік кредиттер - 0 мың теңге;

          бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 мың теңге;

          4) сальдо қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың           теңге:

          қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;

          мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

          5) бюджет тапшылығы (профициті) - -3 269,2  мың теңге;

     6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) - -3 269,2

          7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –           3 269,2 мың теңге:                                                                              

          қарыздар түсімі - 0 мың теңге;

          қарыздарды өтеу - 0 мың теңге;

          бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 3 269,2 мың           теңге.»;

          көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген шешім осы шешімінің 2 қосымшасына сәйкес                              5 косымшамен толықтырылсын.

  1. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

         

 

Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы мәслихатының төрағасы

 

 

 

                               Е.Тұтқышев

 

 

 

                                                                     

Бюджет
22 октября 2025
Шешім жобасы

     

Жоба

 

                             

 

 «Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің

2025-2027 жылдарға арналған

бюджеттін бекіту туралы»

Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы мәслихатының

2025 жылғы 8 мамырдағы №27/429

шешіміне өзгерістер

 енгізу туралы

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Явленка ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 8 мамырдағы № 27/429 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

          1 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

 «1. 2025-2027 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы                      Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің бюджеті сәйкесінше 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

          1) кірістер – 638 276 мың теңге:

          салықтық түсімдер – 204 485 мың теңге;

          салықтық емес түсімдер - 1 мың теңге;

          негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 852 мың теңге;

          трансферттердің түсімдері – 431 938 мың теңге;

          2) шығындар – 641 545,2  мың теңге;

          3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 мың теңге:

          бюджеттік кредиттер - 0 мың теңге;

          бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 мың теңге;

          4) сальдо қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың           теңге:

          қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;

          мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

          5) бюджет тапшылығы (профициті) - -3 269,2  мың теңге;

          6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –           3 269,2 мың теңге:                                                                              

          қарыздар түсімі - 0 мың теңге;

          қарыздарды өтеу - 0 мың теңге;

          бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 3 269,2 мың           теңге.

          6 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

  1. 2025 жылға арналған бюджетте аудандық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің түсімі көзделсін, оның ішінде:

      еңбекақы төлеу қоры және ағымдағы шығындарға;

       көшелерді жарықтандыруға;

      ауылды абаттандыру;

      Явленка ауылының жолдарын ағымдағы жылы күтіп ұстауға;

      Ауылішілік жолдарды орташа жөндеуге.

      Аудандық бюджеттен берілетін аталған ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округі әкімінің «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Есіл аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы» шешімімен айқындалады.

          көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

 

  1. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

         

 

Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы мәслихатының төрағасы

 

 

 

                               Е.Тұтқышев

 

 

 

                                                                    

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
10 июля 2025
Талдамалық анықтама

 

2024 жылғы 01 ақпаннан 2025 жылғы 13 маусымға дейінгі кезеңде

  «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы

әкімдігінің Явленка ауылдық округі әкімінің аппараты»

КММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі

талдау қорытындысы бойынша

талдамалық анықтама

 

 

          «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ (бұдан әрі - Аппарат) қызметінде «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» Явленка ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 13 маусымдағы № 93-ө өкімінің негізінде келесі бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілді:

          1) Аппараттың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

          2) Аппараттың ұйымдастыру - басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.  

          Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2025 жылғы 16 маусымнан 30 маусымға дейін 11 жұмыс күні.

          Талданатын кезең: 2024 жылғы 01 ақпаннан 2025 жылғы 13 маусымға дейін.

  1. Аппарат қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер, құқықтық актілер.

          1.1 Нормативтік - құқықтық актілер бойынша:

          Ауылдық округ әкімінің аппараты өз қызметін Есіл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 09 қаңтардағы № 07 қаулысымен бекітілген коммуналдық мемлекеттік мекеме туралы ереженің негізінде жүзеге асырады. Ережеде айқындалған ауылдық округ әкімі аппаратының функциялары нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келеді.

          Талданып отырған кезеңде ауылдық округ әкімі 16 шешім қабылдады:

          «2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы маслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 11/180 шешімін жүзеге асыру туралы 2024 жылғы 3 қаңтардағы № 2 шешіміне, «2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Явленка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №11/180 шешімін жүзеге асыру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 3 қаңтардағы № 2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Явленка ауылдық округі бюджетінің көрсеткіштерін түзету туралы 2024 жылғы 19 ақпандағы № 13 шешімі;

 

 

          «2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы маслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 11/180 шешімін жүзеге асыру туралы 2024 жылғы 3 қаңтардағы № 2 шешіміне, «2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы маслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 11/180 шешімін жүзеге асыру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 3 қаңтардағы  № 2  шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2024 жылғы 04 наурыздағы № 16 шешімі;

          «2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы маслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 11/180 шешімін жүзеге асыру туралы 2024 жылғы 3 қаңтардағы № 2 шешіміне, «2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Явленка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №11/180 шешімін жүзеге асыру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 3 қаңтардағы № 2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы 2024 жылғы 23 сәуірдегі № 20 шешімі;

          «2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы маслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 11/180 шешімін жүзеге асыру туралы 2024 жылғы 3 қаңтардағы № 2 шешіміне, «2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Явленка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №11/180 шешімін жүзеге асыру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылды округі әкімінің 2024 жылғы 3 қаңтардағы № 2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы 2024 жылғы 22 мамырдағы № 39 шешімі;

          «2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы маслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 11/180 шешімін жүзеге асыру туралы 2024 жылғы 3 қаңтардағы № 2 шешіміне, «2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Явленка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №11/180 шешімін жүзеге асыру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 3 қаңтардағы № 2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы 2024 жылғы 09 шілдедегі № 54 шешімі;

          «2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы маслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 11/180 шешімін жүзеге асыру туралы 2024 жылғы 3 қаңтардағы № 2 шешіміне,«2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Явленка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №11/180 шешімін жүзеге асыру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 3 қаңтардағы № 2 шешіміне өзгерістер енгізу және Явленка ауылдық округі бюджетінің көрсеткіштерін түзету туралы 2024 жылғы 22 шілдедегіи № 58 шешімі;

          «2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы маслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 11/180 шешімін жүзеге асыру туралы 2024 жылғы 3 қаңтардағы № 2 шешіміне, «2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Явленка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №11/180 шешімін жүзеге асыру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 3 қаңтардағы № 2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы 2024 жылғы 15 тамыздағы № 66 шешімі;

          «2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы маслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 11/180 шешімін жүзеге асыру туралы 2024 жылғы 3 қаңтардағы № 2 шешіміне, «2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Явленка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №11/180 шешімін жүзеге асыру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 3 қаңтардағы № 2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы 2024 жылғы 09 қазандағы № 76 шешімі;

          «2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы маслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 11/180 шешімін жүзеге асыру туралы 2024 жылғы 3 қаңтардағы № 2 шешіміне, «2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Явленка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №11/180 шешімін жүзеге асыру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 3 қаңтардағы № 2 шешіміне өзгерістер енгізу және Явленка ауылдық округі бюджетінің көрсеткіштерін түзету туралы 2024 жылғы 14 қазандағы № 80 шешімі;

          «2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы маслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 11/180 шешімін жүзеге асыру туралы 2024 жылғы 3 қаңтардағы № 2 шешіміне, «2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Явленка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №11/180 шешімін жүзеге асыру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 3 қаңтардағы №2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы 2024 жылғы 26 қарашадағы № 97 шешімі;

          «2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы маслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 11/180 шешімін жүзеге асыру туралы 2024 жылғы 3 қаңтардағы № 2 шешіміне, «2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Явленка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №11/180 шешімін жүзеге асыру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 3 қаңтардағы № 2 шешіміне өзгерістер енгізу және Явленка ауылдық округі бюджетінің көрсеткіштерін түзету туралы 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 100 шешімі;

          «2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы маслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 11/180 шешімін жүзеге асыру туралы 2024 жылғы 3 қаңтардағы № 2 шешіміне, «2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Явленка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №11/180 шешімін іске асыру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 3 қаңтардағы №2 шешіміне өзгерістер енгізу және Явленка ауылдық округі бюджетінің көрсеткіштерін түзету туралы 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 101 шешімі;

          «2025-2027 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы маслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 23/375 шешімін жүзеге асыру туралы 2025 жылғы 5 қаңтардағы № 1 шешімі;

          «2025-2027 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы маслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 23/375 шешімін жүзеге асыру туралы 2025 жылғы 5 қаңтардағы № 1 шешіміне, «2025-2027 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы маслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 23/375 шешімін жүзеге асыру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округі әкімінің шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2025 жылғы 06 наурыздағы №17 шешімі;

          «2025-2027 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы маслихатының 2025 жылғы 08 мамырдан № 27/429 шешімін жүзеге асыру туралы 2025 жылғы 13 мамырдағы № 40 шешімі;

«2025-2027 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы маслихатының 2025 жылғы 08 мамырдан № 27/429 шешімін жүзеге асыру туралы 2025 жылғы 13 мамырдағы № 40 шешіміне, «2025-2027 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Явленка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 8 мамырдағы №27/429 шешімін іске асыру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 13 мамырдағы №40 шешіміне өзгерістер енгізу және Явленка ауылдық округі бюджетінің көрсеткіштерін түзету туралы 2025 жылғы 11 маусымдағы № 45 шешімі;

          Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді талдау қорытындысы бойынша қайшылықтар, мәселелер, дискрециялық нормалар анықталған жоқ.

  

          1.2) Құқықтық актілер бойынша:

          2024 жылғы 01 ақпан мен 2025 жылғы 13 маусым аралығында Явленка ауылдық округінің әкімі 140 шешім және 282 өкім қабылдады.

          Шешімдер 2001 жылғы 23 қаңтардағы «ҚР-дағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚРЗ 35 бабының 1 тармағы 6 тармағына сәйкес қабылданды. Бұл ретте қабылданатын шешімдердің көпшілігінде жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруы кезінде, жер учаскелерін беруден бас тартқан жағдайларда кедергілер жасау бойынша тәуекел барынша артады.

          Бас тарту туралы шешім шығару кезінде ҚР Жер Кодексінің                     43 бабының 2 тармағы басшылыққа алынды. Ауылдық округ әкімі жер учаскесін беруден бас тарту туралы шешім шығарған кезде бас тартудың негіздері жер комиссиясының теріс шешімі болды.

          Көрсетілген кезеңде: бас тарту - 4, құқықты тоқтату – 13, нысаналы мақсатын өзгерту – 24, уақытша өтеулі жер пайдалануға беру туралы – 51, жеке меншікке беру туралы – 19, жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту – 1, жалдау құқығын сатып алу – 8.  Барлық шешімдер заңды және негізделген.

 

  1. Ауылдық округ әкімі аппаратының ұйымдастыру - басқару

қызметі:

          2.1.  Талдау барысында талданатын кезеңде кадрлардың ауысуы бойынша келесілер анықталды:

          - 2024 жылғы ақпанда жалпы конкурстың қорытындысы бойынша ауылдық округтің жастар саясаты мен спортын іске асыру жөніндегі бас маманы лауазымына Д.Қ. Шопанова тағайындалды.

          2024 жылғы маусымда жалпы конкурстың қорытындысы бойынша ауылдық округтің құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы лауазымына Л.К. Волянская тағайындалды.

          2024 жылғы тамызда Есіл аудандық сайлау комиссиясының шешімі бойынша Явленка ауылдық округінің әкімі лауазымына Н.Ж.Сисенбаев тағайындалды.

           Барлық мамандар тұрақты жұмыс істейді, мемлекеттік қызметте үлкен жұмыс өтілі бар.

          Ауылдық округ әкімі аппараты мемлекеттік қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарында олардың лауазымдық құқықтары мен міндеттері толық көрсетілген, қызметкерлердің міндеттерін қайталау фактілері жоқ.

          Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлеріне демалыс беру бекітілген кестеге сәйкес және қатаң түрде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

          Қызметкерлерге сыйлықақы беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

          Талданып отырған кезеңде ауыл әкімі аппаратының қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, сондай-ақ мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар жасағаны үшін жауапкершілікке тарту фактілері болған жоқ.

          Ауылдық округ әкімінің жақын туыстарын жұмысқа қабылдау фактілері анықталған жоқ.

          Тәртіптік практиканың мониторингін жүзеге асыру кезінде талданатын кезең ішінде тәртіптік жазалар болмағаны анықталған жоқ;

          Заңнаманы бұзған немесе оған жол берген адамдарға тәртіптік жазаларды қысқа мерзімде алып тастау, сонымен қатар тәртіптік сипаттағы шараларды қолданбау болған жоқ.

2.2.  Мүдделер қақтығысын реттеу желісі бойынша:

          Мемлекеттік қызметшілердің, шарт бойынша жұмыс істейтін қызметкерлердің жеке істері зерделенді, жақын туыстарын жұмысқа қабылдау жағдайлары анықталған жоқ.

          Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында ауылдық округ әкімінің аппаратымен ақпараттық ашықтықты қамтамасыз ету және бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі шешімдерді іске асыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқаны анықталды.

          Заңнамаға сәйкес ауылдық округ үшін жұмыстарды, тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу бойынша бөлінген бюджет қаражатын жұмсаудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бекітілді. Барлық мемлекеттік сатып алулар бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мемлекеттік сатып алулардың 0,13% - ын «Бір көзден тікелей шарт жасасу жолымен» жүзеге асырылатындығын құрайды.

          Өнім берушілер тарапынан мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде бұзушылықтар анықталған жоқ.

          «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының                 6 бабы 2 тармағының 6 тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар айына екі реттен артық жүргізілмейді. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұзушылықтар жоқ.

          Біржолғы шарттарға мерзімінде қол қойылып, орындалды.

          Ішкі талдау нәтижесінде мемлекеттік орган басшысының жақын туыстарының, жұбайларының немесе жекжаттарының әлеуетті өнім берушілерін өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу фактілері анықталған жоқ. Мемлекеттік сатып алу мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны тиімді және оңтайлы жұмсау, мемлекеттік сатып алу процесінің жариялылығы мен ашықтығы қағидаты бойынша жүзеге асырылады. Тоқсан сайын ауылдық округ әкімі аппаратының есеп жөніндегі бас маманы аудандық экономика және қаржы бөліміне бюджет қаражатының жұмсалғаны туралы есеп береді.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету:

          Ауылдық округ әкімінің аппараты мемлекеттік қызметтер көрсетуді «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚРЗ, «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексіне» және басқа да нормативтік актілерге сәйкес жүргізеді.

          Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру электрондық форматта жүзеге асырылады.

          Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларында жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілердің нормаларына көзделген талаптардың қайшылықтары анықталған жоқ.

          Талданып отырған кезеңде ауылдық округ көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 6 түрінен, 4 белсенді қолданыстағы қызметтен (үш мемлекеттік қызмет бойынша бұрын жүргізілген ішкі талдау бойынша ақпарат берілді). Осы кезеңде барлығы 131 мемлекеттік қызмет көрсетілді:

  1. Кенттің, ауылдың жерінен жер учаскесін беру.

         Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 01 тамыздағы № 287 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес көрсетіледі.

          Талданып отырған кезеңде 55 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

  1. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру.

          Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 01 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес кейінгі өзгерістер мен толықтырулармен көрсетіледі.

          Талданып отырған кезеңде 21 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

          Өтінішті қабылдау және нәтижені беру электрондық форматта                     Е-лицензиялау парталы арқылы жүзеге асырылады.    

  1. Сауда - саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу.

          Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 01 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес кейінгі өзгерістер мен толықтырулармен көрсетіледі.        

          Өтінішті қабылдау және нәтижені беру электрондық форматта                      Е-лицензиялау парталы арқылы жүзеге асырылады.

          Талданатын кезеңде 56 қызмет көрсетілді.

          Мемлекеттік қызмет көрсетудің нақты процестері бекітілген қағидаларға сәйкес келеді, өтініш берушілерден көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері анықталған жоқ.

  1. Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту.

          Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы көрсетіледі. Ережеге сәйкес бекітілген мемлекеттік қызметтерді көрсету АШМ  2023 жылғы 19 маусымдағы № 236 бұйрығы.

          Талданатын кезеңде - 3 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

          Ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелер:

          Аппаратта мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар, мемлекеттік қызметші мәртебесіне байланысты шектеулер, сондай-ақ Әдеп кодексінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптары қатаң сақталады. Талдау жүргізу кезінде Әдеп кодексінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын сақтауға байланысты тәуекелдердің туындау жағдайларын растау табылған жоқ. Әкімдік қызметкерлеріне қатысты қылмыстық, әкімшілік, сонымен қатар аппарат қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамау фактілері жоқ.

          Аппараттың мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

          Бұқаралық ақпарат құралдарында қызметкерлер туралы сыни жарияланымдар болған жоқ.

          Мемлекеттік органның лауазымды адамдарының әрекеттеріне шағымдану жөніндегі сот шешімдері туралы ақпарат жоқ.

         

         

Явленка ауылдық округінің

әкімі                                                                                                     Н.Сисенбаев

 

«Келісілді»

Явленка ауылдық округі

әкімнің орынбасары,

Жұмыс тобының төрағасы:                                                        С. Бимақанов

 

                                                   

Явленка ауылдық округі әкімі

аппараттың бас маманы, 

Жұмыс тобының мүшелері:                                                                 Е.Власова                                                              

                                      

                                        

 

Явленка ауылдық округі әкімі

аппараттың бас маманы:                                                                 О.Янушкина                                                              

                                                                                        

Явленка ауылдық округі әкімі

аппараттың бас маманы:                                                                 Л.Волянская    

                                                                            

Явленка ауылдық округі әкімі

аппараттың бас маманы:                                                                 А.Әдиева

 

«Ардагерлер кеңесі» ҚБ төрағасы:                                               Н.Бимақанов

                

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
17 июня 2025
Анонс

2025 жылғы 24 маусым «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің Явленка ауылдық округі әкімінің аппараты» сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауының нәтижелеріне жария талқылау жүргізіледі.

          Барлық мүдделі тұлғалар талқылауға қатыса алады.

          Талқылауға қатысу мәселелері бойынша 2025 жылғы 23 маусымға дейін (қоса алғанда) 2-28-47 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы