ХАТТАМА

«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық

округі әкімінің аппараты» КММ

 

№1 ХАТТАМА

 

Явленка ауылы                                                                           16-00  

а/о әкімдігі                                                                                    24.06.2025ж.

 

 

Төрағасы: Явленка ауылдық округі әкімінің орынбасары – С.Қ.Бимақанов

Хатшы : Явленка ауылдық округінің бас маманы – Л.К.Волянская

 

 Қатысқандар:

Ауылдың ардагерлер кеңесінің төрағасы – Н.М.Бимақанов.,

Жұмыс тобының мүшесі –Е.В.Власова.,

Жұмыс тобының мүшесі – О.П.Янушкина.,

Жұмыс тобының мүшесі – А.Е.Әдиева.,

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының мүшелері.

 

Күн тәртібі

«Явленка ауылдық округ әкімінің аппараты» КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұсынылған талдау нәтижелерін талқылау.

 

Ауылдық округ әкімінің орынбасары С.Қ.Бимақанов сөз сөйледі.

 

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» ауылдық округ әкімінің 2025 жылғы 13 маусымдағы № 93-ө өкімі негізінде, «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің Явленка ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметінде – «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен және мемлекеттік органдардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдармен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 10 тармағына сәйкес жүргізілді.

 

Талдау барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсыныстар әзірлеу бойынша ұсыныстарыңызды білдіріңіз.

Е.В.Власова – Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау мерзімінің бұзылуын болдырмау мақсатында мемлекеттік қызмет көрсетуге келіп түскен өтініштерді жедел тіркеу ұсынылады. Әкiм аппараты қызметкерлерiнiң тұрақты негiзде (мемлекеттiк қызмет көрсететiн жауапты маман болмаған жағдайда) өзара алмасуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу туралы халықты ақпараттандыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жалғастыру.

О.П.Янушкина – Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiнiң көрiнiсiнiң алдын алу мақсатында мемлекеттiк сатып алудың ашықтығына бақылауды күшейту, мүмкiндiгiнше, бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу туралы шарттарды жасасуды болдырмау. Тұрақты негізде мониторинг жүргізу.

А.Е.Әдиева - сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша іс-шаралар жоспарын құруды ұсынамын.

С.Қ.Бимақанов - Талдау нәтижелері бойынша «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің Явленка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық есеп дайындау қажет.

Жиналыс шешті:

  1. «Явленка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу.
  2. «Явленка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық есеп дайындау.

 

Төраға:                 ___________________               С.Қ.Бимақанов

 

Хатшы:                 _______ __________              Л.К.Волянская

 

Ауылдың ардагерлер

кеңесінің төрағасы:         _______________          Н.М.Бимақанов

 

Жұмыс тобының мүшесі:   _________________   Е.В.Власова

 

Жұмыс тобының мүшесі:   _________________   О.П.Янушкина

 

Жұмыс тобының мүшесі:   _________________   А.Е.Әдиева

Дата публикации
24 июня 2025