«2025 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы
Ясновка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ
ЕСЕБІ
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Ясновка ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес 6 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
2025 жылы "Е-Лицензиялау" МАБ арқылы 4 өтініш түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан -2, заңды тұлғалардан - 2, "Сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу" Мемлекеттік қызметін көрсетуде-4.
"Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" Ақылы емес акционерлік қоғам Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының Есіл ауданының халыққа қызмет көрсету бөлімі арқылы көрсетілетін қызметті алушылардан өтініштер түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметтер ақылы негізде ұсынылмады. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту фактілері болған жоқ. Электрондық қызметтерді танымал ету бөлігінде Ясновка ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында "ConnectionPoint" өзіне-өзі қызмет көрсету секторы жұмыс істейді, оның көмегімен ауылдық округ тұрғындары E-gov "электрондық үкімет" порталы арқылы қажетті қызметтерді ала алады.
2025 жылы электрондық нысанда "Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі" веб-порталы арқылы 340 мемлекеттік қызмет көрсетілді
Халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қолжетімділік және ақпараттандыру мақсатында ауылдық округ әкімінің аппаратында көрнекі ақпараты бар стенд орналастырылды: мемлекеттік қызметтер тізбесі, Мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі іс-шаралар жоспары, мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі жұмыс тәртібі, мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары, өтініш үлгілері.
2025 жылы округ тұрғындарымен 13 түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
Тұрақты негізде халық арасында электрондық мемлекеттік қызметтерді алудың артықшылықтарын түсіндіретін брошюралар, парақшалар таратылады. 2025 жылы а/о тұрғындары арасында 170 дана брошюралар мен парақшалар таратылды.
Халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында әкім аппараты түсіндіру іс-шараларын, семинарларды, дөңгелек үстелдерді өткізу, брошюралар мен парақшалар тарату, БАҚ-та, "Facebook" әлеуметтік желісінің платформасында және мемлекеттік органның ресми сайтында мақалалар жариялау, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді сақтау жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат
2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.
Ясновка ауылдық округінің
әкімі С. Шаймергенов