«2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Ясновка ауылдық округі бюджетін бекіту туралы» 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №37/556 Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының шешімі өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы Ясновка ауылдық округі бюджетін бекіту туралы»

2025 жылғы 24 желтоқсандағы №37/556

Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының шешімі

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Ясновка ауылдық округі бюджетін бекіту туралы» 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №37/556 Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

           «1. 2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданы Ясновка ауылдық округінің бюджеті 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес бекітілсін, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде:

1) кірістер-64 877 мың теңге:

салық түсімдері - 11 043 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 196 мың теңге;

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер-795 мың теңге;

трансферттер түсімдері - 52 843 мың теңге;

2) шығындар-64 913,8 мың теңге;

3) Таза бюджеттік кредиттеу - 0 мың теңге:

бюджеттік кредиттер - 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 мың теңге;

4) Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу-0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 36,8 мың теңге;

6) бюджеттің мұнай емес тапшылығы (профициті) - 36,8 мың теңге;

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 36,8 мың теңге:

8) Қарыздар түсімі - 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 0 мың теңге;

 бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары-36,7 мың теңге.»;

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Ясновка ауылдық округінің бюджетінде 4-қосымшаға сәйкес қаржы жылының басында қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен шығыстар көзделсін".

көрсетілген шешімнің 1, 2, 3 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген шешім осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.

  1. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы

маслихатының төрағасы                                  Е.М.Туткушев

 

 

 

 

Дата публикации
18 февраля 2026