бюджеттік шешім

 

Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы Волошинка ауылдық округінің

   «Бюджетті бекіту туралы

2025-2027 жылдарға арналған»

Солтүстік Қазақстан облысы

2025 жылғы 8 мамырдағы № 27/419

Есіл ауданы мәслихатының шешіміне

өзгерістер енгізу туралы

 

          Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Волошинка ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» 2025 жылғы 8 мамырдағы № 27/419 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

    1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

       «1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Волошинка ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға арналған мынадай көлемдерде бекітілсін:

        1) кірістер – 32 787 мың теңге:

        салықтық түсімдер – 6 267,3 мың теңге;

        салықтық емес түсімдер – 0 мың теңге;

        негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

       трансферттердің түсімдері – 25 799 мың теңге;

       2) шығындар – 33 304,5 мың теңге;

       3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге:

       Бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

         бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

        4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:

        қаржылық активтерді сатып алу – 0 мың теңге;

        мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

        5) бюджет тапшылығы (профициті) – – 517,5 мың теңге;

        6) бюджеттің шикізаттық емес тапшылығы (профициті) – -517,5 мың теңге;

        7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 517,5    мың теңге:

        кредиттер түсімі – 0 мың теңге;

       несиені өтеу – 0 мың теңге;

       бюджет қаражатының пайдаланылған қалдықтары – 517,5 мың теңге.»;

 

 

           Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

 

  1. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы мәслихатының төрағасы                                  Е.Тұтқышев

 

                                                                                                                

 

 

Дата публикации
08 июля 2025