Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының « Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Волошинка ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» қаулысының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Есіл аудандық мәслихаты қаулысының жобасы Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы Бюджет кодексінің 7-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 85-бабының 3-тармағының, 89-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-7-тармақтарына сәйкес құрастырылған:
Шешім жобасын әзірлеудің мақсаты:
Нормативтік құқықтық актіні 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VIII Бюджет кодексіне сәйкестендірсін және Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының мынадай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Волошинка ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 23/365 шешімі;
2) Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 4 наурыздағы №24/383 «Есіл ауданы мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №23/365 «Солтүстік Қазақстан облысы Волошинка ауылдық округіне арналған бюджетін 2025-2027 жылдарға бекіту туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі.
Волошинка ауылдық
округ әкімі В.Кочергин