2024 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету туралы
«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының
Волошинка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ
ЕСЕБІ
Мемлекеттік қызмет - көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:
көрсетілетін қызметті алушыларға шығу тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге көзқарасы, сенімі, тұрғылықты жері немесе кез келген өзге мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітусіз тең қолжетімділік;
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бюрократия мен әуре сарсаң көріністеріне жол бермеу;
мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есептілік және ашықтық;
мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін үнемі жетілдіру;
Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі үнемділік пен тиімділік.
Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, 2024 жылы «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Волошинка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ 5 мемлекеттік қызмет көрсетілді:
Жалпы 2024 жыл ішінде мемлекеттік қызметтер ақылы негізде көрсетілген жоқ.
«Е-лицензиялау» МДБ арқылы 20 өтініш түсті, оның ішінде 15 жеке тұлғалардан, 5 заңды тұлғалардан
«Сауданы (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» - 20, оның ішінде 15 жеке тұлғалардан, 5 заңды тұлғалардан
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту фактілері болған жоқ.
Волошинка ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында «Өзіне-өзі қызмет көрсету секторы» жұмыс істейді, ауылдық округ тұрғындары «электрондық үкімет» e-gov порталы арқылы қажетті қызметтерді ала алатын картридер орнатылған.
Электронды түрде «Қазақстан Республикасының электрондық үкіметі» веб-порталы арқылы – 101 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Халықты мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімділігі және ақпараттандыру мақсатында ауылдық округі әкімінің аппаратында көрнекі ақпараттармен (стандарттар, көрсетілетін қызметтердің атауы және оларды көрсетуге жауапты тұлғалар, жұмыс кестесі, өтініштер үлгісі, шағымдар журналы) стенд орналастырылды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жүргізілген ішкі бақылау нәтижелері бойынша 2024 жылы заң бұзушылықтар анықталған жоқ..
2024 жылы 10 түсіндіру іс-шарасы өткізілді:
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастамасы бойынша Волошинка ауылдық округі әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ақпараттық брошюра құрылды: «АӘК алушыларға өтініш берушінің тиесілігін растайтын анықтама алу туралы». Бұл әдістемелік және оқыту брошюралары өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында орналасатын болады
2024 жылғы 12 ақпанда ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы электрондық қолтаңбаны алу, сондай-ақ тіркеуді өткізу бойынша түсіндіру іс-шарасын өткізді
13 наурызда Волошинка ауылдық округі әкімі аппаратының мамандарымен ЭЦҚ алу және «6 ай мерзімге банктік қарыздар, микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тарту» электрондық мемлекеттік қызметін алу бойынша түсіндіру іс-шаралары өткізілді
2024 жылғы 31 қазанда Волошинка ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары мемлекеттік қызметтерге, электрондық қызметтер порталында қызметтердің қолжетімділігіне қатысты түсіндіру іс-шараларын өткізді
18 қарашада Волошинка ауылдық округі әкімі аппаратының мамандарымен ЭЦҚ алу, тіркелу бойынша түсіндіру іс-шаралары өткізілді.
Халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында әкім аппараты түсіндіру іс-шараларын («Ашық есік күні», семинарлар, дөңгелек үстелдер, БАҚ-та, «Facebook» әлеуметтік желісінің платформасында және мемлекеттік органның ресми сайтында, өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы, округтің whatsapp топтары арқылы мақалалар жариялау) өткізу, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді сақталуы бойынша жұмысты жалғастыратын болады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат
2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.
Волошинка ауылдық округінің әкімі В.Кочергин