түсіндірме жазба

Есіл ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы мәслихаты сессиясының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы

№ 37/545 «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Волошинка ауылдық округінің 2026-2026 жылдарға арналған бюджетін

бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімін

қабылдау қажеттігі туралы.(2026 жыл мамыр)

 

 

Волошинка ауылдық округінің 2026 жылға арналған бюджеті Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 94-бабының, 96-бабының 1, 4-тармақтарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2-тармағына, сондай-ақ  аудандық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, ауылдық округтердің әкімдері Қазақстан Республикасындағы бюджет қаражатының есебінен бюджеттік бағдарламаларды тиімді іске асыру мақсатында нақтылау.

 

Ауылдық округ бюджетін нақтылау көздері мыналар болып табылады:

 

  1. Волошинка ауылдық округі бюджетінің кіріс бөлігін 1 176 000 теңгеге ұлғайту.

 

Бюджеттің сапалы атқарылуын қамтамасыз ету мақсатында Волошинка ауылдық округінің кіріс бөлігін келесі кіріс көздері бойынша ұлғайту ұсынылады:

 

 

Код бойынша табысты ұлғайту:

- 101202 коды бойынша «Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығы» 849 000 теңгеге;

- 104402 коды бойынша «Жеке тұлғалардың көлік салығы» 327 000 теңгеге;

 

 

Шығындарды ұлғайту:

 

- 124008 «Елді елді мекендерде көшелерді жарықтандыру» бюджеттік бағдарламасы, 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» кіші бағдарламасы бойынша Волошинка ауылдық округінің көшелерін жарықтандыруға 1 176 000 теңге сомасында.

 

 

Волошинка ауылдық

округ әкімі                                                                              О.Сарқыт

Дата публикации
29 мая 2026