Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Мемлекеттік қызметшілер:

- сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру, сыбайлас жемқорлық пайдалану құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен ұштасқан немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеу;
- басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесу;
- егер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы дұрыс ақпараты болса, мұндай құқық бұзушылықтың алдын алу және тоқтату жөнінде қажетті шаралар қабылдауға, оның ішінде жоғары тұрған басшыны, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығын, уәкілетті мемлекеттік органдарды дереу жазбаша нысанда хабардар етуге тиіс.

Мемлекеттік органның басшылығы ақпаратты алған күннен бастап бір ай мерзімде мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы өтініштері, оны осы бұзушылықтарды жасауға итермелеу жағдайлары, оның ішінде тексерулерді ұйымдастыру және өтініштерді уәкілетті органдарға жіберу арқылы шаралар қолдануға міндетті.

Мемлекеттік органның басшылығы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың анық жағдайлары туралы хабарлаған мемлекеттік қызметшіні осы бұзушылықтарды жасауға итермелеу, оның құқықтарына, заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін қудалаудан қорғау жөнінде шаралар қолдануға міндетті.

Мемлекеттік қызметшілер жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруын қиындататын әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеуге тиіс.

Жауапкершілік:

Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның не оған теңестірілген адамның не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның не лауазымды адамның, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамының жеке өзі немесе ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлік, құқық түріндегі пара делдалы арқылы пара алуы (ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы) пара берушінің немесе ол ұсынатын адамдардың пайдасына жасаған әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін өзіне немесе басқа адамдарға мүлікке немесе мүліктік сипаттағы пайдаға, егер мұндай әрекеттер (әрекетсіздік) осы адамның қызметтік өкілеттігіне кірсе не ол лауазымдық жағдайына байланысты мұндай әрекеттерге (әрекетсіздікке), сол сияқты жалпы қамқорлыққа немесе попыласқа ықпал етуі мүмкін –

параның жиырма еседен елу есеге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ЕСКЕРТУ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ

Сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын құқық бұзушылықтар:

- басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметіне заңсыз араласу;
- аталған адамдардың не олардың жақын туыстары мен жекжаттарының материалдық мүдделерін қанағаттандыруға байланысты мәселелерді шешу кезінде өзінің қызметтік өкілеттіктерін пайдалану;
- Мемлекеттік қызметке кіру және жоғарылату кезінде заңда көзделмеген артықшылықтар (протекционизм, отбасылық) беру;
- шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде заңды және жеке тұлғаларға құқыққа сыйымсыз артықшылық беру;
- кез келген адамға заңнамада көзделмеген кәсіпкерлік және табыс алуға байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруға жәрдем көрсету;
- мемлекеттік функцияларды орындау кезінде алынған ақпаратты, егер ол ресми таратылуға жатпаса, жеке немесе топтық мүдделерде пайдалану;
- заңнамада көзделген жеке және заңды тұлғаларға ақпараттан негізсіз бас тарту, оны кешіктіру, дұрыс емес немесе толық емес ақпарат беру;
- жеке немесе заңды тұлғалардан осы тұлғалардың ұсынуы заңнамада көзделмеген ақпаратты талап ету;
- мемлекеттік қаржы және материалдық ресурстарды жекелеген кандидаттардың сайлау қорларына беру;
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың және олардың құзыретіне кіретін өзге де мәселелерді шешудің заңда белгіленген тәртібін бірнеше рет бұзу;
- көрсетілген тұлғалардың лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып, мүліктік пайда, игілік не артықшылық алу үшін жоғары тұрған ресми тұлғаларға сыйлықтар беру және қызметтік емес қызметтер көрсету;
- жеке немесе заңды тұлғаларға олардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға айқын кедергі жасау;
- осындай қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаларға кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеуге, сондай-ақ оны бақылау мен қадағалауға өкілеттіктер беру;
- мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын мемлекеттік орган мәртебесі жоқ ұйымдарға беру;
- қызметте немесе жұмыста жоғары тұрған немесе төмен тұрған не олармен өзге тәуелді лауазымды адамдармен ақшалай немесе өзге де мүліктік сипаттағы құмар ойындарға қатысу.

Документы
Анықтама
02 июля 2025
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің Волошинка ауылдық округі әкімінің аппараты
АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің Волошинка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша
Хаттама
24 июня 2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауды алдын ала талқылау хаттамасы
Ақпарат
02 апреля 2024
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің Волошинка ауылдық округі әкімінің аппараты
«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің Волошинка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
Новости
Полезные материалы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы