«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Спасовка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ 2023 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ЕСЕБІ

«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Спасовка ауылдық

округі әкімінің аппараты» КММ 2023 жылғы Мемлекеттік

қызмет көрсету мәселелері бойынша

ЕСЕБІ

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 287 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға 2023 жылы «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Спасовка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ 5 Мемлекеттік қызмет көрсетілді: Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру; Кенттің, ауылдың жерінен жер учаскесін беру; Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар алу; Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы не бөліп-бөліп сату; Жер учаскесін алуға кезекке қою.

Барлығы 2023 жыл ішінде ақылы негізде мемлекеттік қызметтер көрсетілмеген.

«Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының Есіл ауданының Халыққа қызмет көрсету бөлімі арқылы көрсетілетін қызметті алушылардан өтініштер түскен жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту фактілері болған жоқ.

«Е-Лицензиялау» МДҚ арқылы 9 өтініш түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан 1, заңды тұлғалардан 8.

«Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» – 9, оның ішінде заңды тұлғалар - 8, жеке тұлғалар - 1.

Спасовка ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында «Өзіне-өзі қызмет көрсету секторы» бар, оның көмегімен ауылдық округ тұрғындары E-gov «электрондық үкімет» порталы арқылы қажетті қызметтерді ала алады.

Электрондық нысанда "Қазақстан Республикасының электрондық үкіметі" веб-порталы арқылы 160 Мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қолжетімділік және ақпараттандыру мақсатында ауылдық округ әкімінің аппаратында көрнекі ақпараты бар стенд орналастырылды (мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары, көрсетілетін қызметтердің атауы, жұмыс кестесі, өтініш үлгілері, шағымдар журналы). Осыған ұқсас ақпарат ауылдық округ әкімінің сайтында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.

Мемлекеттік қызметтер ҚР «Мемлекеттік қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңына, бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес көрсетіледі. Қызметтер баламалы және баламасыз негізде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтер көрсетуді ішкі бақылау нәтижелеріне сәйкес, 2023 жыл ішінде қызмет көрсету мерзімдерін бұзу тіркелген жоқ.

2023 жылы 13 түсіндіру шарасы өткізілді:

          13 маусымда Спасовка ауылының тұрғындарымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша түсініктемелер берілді.

          30 маусымда «Facebook» әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфир өткізілді. Тікелей эфир барысында «Қашықтықтан электронды цифрлық қолтаңбаны алу» тақырыбы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

28 шілдеде Спасовка ауылының тұрғындарымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша түсініктемелер берілді.

31 шілдеде Спасовка ауылының тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету бойынша парақшалар таратылды.

11 тамызда Спасовка ауылының тұрғындарымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша түсініктемелер берілді.

16 тамызда Сарман ауылының тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету бойынша парақшалар таратылды.

08 қыркүйекте Спасовка ауылының тұрғындарымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында «Электронды үкімет» порталы арқылы алынатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша түсініктемелер берілді.

11 тамызда Спасовка ауылының тұрғындарымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында «Электронды үкімет» порталы арқылы алынатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша түсініктемелер берілді.

08 қарашада Тауағаш ауылының тұрғындарымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында «Электронды үкімет» порталы арқылы алынатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша түсініктемелер берілді.

01 желтоқсанда Спасовка ауылының тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету бойынша парақшалар таратылды.

01 желтоқсанда Тауағаш ауылының тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету бойынша парақшалар таратылды.

07 желтоқсанда Сарман ауылының тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету бойынша парақшалар таратылды.

12 желтоқсанда Спасовка ауылының тұрғындарымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында «Электронды үкімет» порталы арқылы алынатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша түсініктемелер берілді.

         Бұл ақпарат Facebook-те орналастырылған.

Халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында әкім аппараты түсіндіру іс-шараларын («Ашық есік күні», семинарлар, дөңгелек үстелдер, БАҚ-та, «Facebook» әлеуметтік желісінің платформасында және мемлекеттік органның ресми сайтында мақалалар жариялау) өткізу, мемлекеттік органның қызмет көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді сақтау жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

 

         2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.

 

 

Спасовка ауылдық

          округінің әкімі                                                        Ж. Мәмбетәлинов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Спасовка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ 2023 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ЕСЕБІ
Дата публикации
23 апреля 2024