2026 жылғы 19 қыркүйекте Николаевка ауылдық округі бойынша «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында барлық ұйымдарда сенбілік ұйымдастырылды.
Николаевка ауылдық округінде абаттандыру және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.
Округ бойынша жаяу жүргіншілерге арналған жол белгілері жаңартылып, «зебра» жолақтары боялды. Ашық әрі анық көрінетін жол таңбалары, әсіресе, күн сайын балалар жүретін білім беру мекемелерінің маңында өте маңызды.
«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Николаевка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ бұрын азаматтық қызметшінің бос лауазымына — «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Николаевка ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Николаевка мәдени-демалыс орталығы» КММ директоры (1 бірлік) лауазымына орналасу үшін ашық конкурс жариялаған болатын.
Азаматтық қызметшінің санаты — А-1/2. Лауазымдық жалақы мөлшері — еңбек өтіліне байланысты.
Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін конкурсқа қатысуға екі немесе одан да көп үміткерден өтінім түспеуіне байланысты, аталған конкурс өтпеді деп танылды.
Қатысушылардың қажетті саны болмағандықтан, аталған бос лауазым бойынша конкурс рәсімі өткізілген жоқ.
Конкурсты қайта өткізу туралы ақпарат белгіленген тәртіппен қосымша жарияланатын болады.
2026 жылғы 23 тамызда Николаевка ауылында округтің ауыл шаруашылығы құрылымдарының, сондай-ақ ауыл тұрғындарының қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында күн сайын Николаевка ауылдық округінің әкімі абаттандыру жұмыстарын жүргізуде.
Ауылдық округ әкімі Республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қарағай көшеттерін отырғызу акциясын ұйымдастырды. Мәдени-демалыс орталығының аумағы мен салынып жатқан ветеринарлық пункттің территориясы абаттандырылды.
Ауылымыздың абаттандыруына атсалысып, өз үлестеріңізді қосқан барлығыңызға үлкен рахмет!
2026 жылдың 9 мамыр күні Николаевка ауылының ескерткіш алаңында Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 81 жыл толуына арналған салтанатты митинг өтті. Іс-шараға ауыл тұрғындары, мектеп оқушылары, тыл ардагерлері, мекеме қызметкерлері және ауыл жастары қатысты.
Митингтің басты мақсаты – сұрапыл соғыс жылдарында ерлік көрсеткен батырларды еске алып, олардың рухына тағзым ету, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру болды.
Іс-шара барысында мектеп оқушылары Отан, ерлік, бейбітшілік тақырыбында өлеңдер оқып, әндер орындады. Жиналған қауым майданда қаза тапқан боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Мерекелік митингте Николаевка ауылдық округінің әкімі
Кабдуалиев Далабай Нұрланұлы сөз сөйлеп, ардагерлерге алғысын білдіріп, бейбіт өмір мен ел бірлігінің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар тыл ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, жылы лебіздер айтылды.
Шараның ұйымдастырылуына Николаевка мәдени-демалыс орталығы қызметкерлері белсенді атсалысты. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.
Осындай тағылымды шаралар арқылы жас ұрпаққа ел тарихын дәріптеп, ардагерлердің ерлігін ұмытпау – баршамыздың ортақ міндетіміз екені тағы бір мәрте айқындалды.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында ауылдық округ әкімі А. Игибаев атындағы орта мектептің ұжымымен бірлесіп, сенбілік ұйымдастырды.
2026 жылғы 25 сәуірде ауылдық округ әкімі "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырды жәнеағаш көшеттерін отырғызу жумыстары жүргізілді
18 сәуір 2026 жылы «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ауылдық округ әкімі сенбілік ұйымдастырды. Николаевка ауылының кіреберіс жолы қоқыс және құрғақ шөптен тазаланды