Қоғамдық талқылау хаттамасы

«Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкімдігінің

Николаевка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ

ХАТТАМА №1

 

Николаевка ауылы                                                                        16-00  

Ауылдық округ әкімдігі                                                              07.07.2026ж.

 

 

Төрағасы: Николаевка ауылдық округ әкімі – Д.Н. Қабдуалиев

Хатшы : Никоаевка ауылдық округінің бас маманы – Әубкірова Б.Х.

 

 Қатысқандар:

Аналар кеңесінің төраймы – Оспанов А.Б.,

Жетекші маман – Сатывалдина Б.Е.,

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының мүшелері.

Күн тәртібі

«Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкімдігінің

Николаевка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұсынылған талдау нәтижелерін талқылау.

 

  1. Ауылдық округ әкімі Д.Н.Кабдуалиев сөз сөйледі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 8 маусымдағы № 25-ө/НҚ «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкімдігінің Николаевка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ «Солтүстік ауданы Есіл ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкімінің негізінде жүргізілді және мемлекеттік органдардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау бойынша әдістемелік ұсыныстар.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің жалпы мерзімі 2026 жылғы 8 маусымнан 7 шілдеге дейін 21 күн болып айқындалады. Талданатын кезең: 2025 жылғы 30 шілдесінен 2026 жылғы 8 маусымға дейін.

 

  1. Талдау барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсыныстар әзірлеу бойынша ұсыныстарыңызды білдіріңіз.

 

Әубәкірова Б.Х.. – Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау мерзімінің бұзылуын болдырмау мақсатында мемлекеттік қызмет көрсетуге келіп түскен өтініштерді жедел тіркеу ұсынылады. Әкiм аппараты қызметкерлерiнiң тұрақты негiзде (мемлекеттiк қызмет көрсететiн жауапты маман болмаған жағдайда) өзара алмасуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу туралы халықты ақпараттандыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жалғастыру.

Оспанова Ә.Б. – Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiнiң көрiнiсiнiң алдын алу мақсатында мемлекеттiк сатып алудың ашықтығына бақылауды күшейту, мүмкiндiгiнше, бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу туралы шарттарды жасасуды болдырмау. Тұрақты негізде мониторинг жүргізу.

Сатывалдина Б.Е. - сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша іс-шаралар жоспарын құруды ұсынамын.

Қабдуалиев Д.Н.. - Талдау нәтижелері бойынша «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің Николаевка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық есеп дайындау қажет.

 

Жиналыс шешімі:

  1. «Николаевка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу.
  2. «Николаевка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық есеп дайындау.

 

Дата публикации
13 июля 2026