2025 жылдаң бастап өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыншы аймағында Корнеевский ауылдық округі әкімінің аппаратында халыққа тегін заң көмегін көрсетуге арналған құқық кабинеті жабдықталған.
Құқық кабинетінде QR-код орналыстырылған, ол бойынша ауылдық округтің кез келген тұрғыны өтініш бере алады және қызықтыратын мәселелер бойынша заңгердің тегін онлайн-қенесін ала алады.
Құқық кабинеті тұрақты негізде жұмыс істейді және Корнеевский ауылдық округінің тұрғындарын құқықтық ақпараттандыру мен консультациялаудың ашық және қолжетімді құралы болып табылады.
2025 жылғы 30 маусым «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігі әкімінің аппараты Корнеевка ауылы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауының нәтижелеріне жария талқылау жүргізіледі.
Барлық мүдделі тұлғалар талқылауға қатыса алады.
Талқылауға қатысу мәселелері бойынша 2025 жылғы 30 маусымға дейін (қоса алғанда) 31607 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.
«Корнеевка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ өзінің ішкі қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарлайды.
Барлық мүдделі азаматтар талдау жүргізуге 87154331607 тел.бойынша Корнеевка ауылдық округі әкімінің аппаратына жүгіну арқылы қатыса алады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізудің басталу күні 2025 жылғы 16 маусым.
2024 жылғы 27 наурызда Есіл ауданының әкімі М. Т. Мұхамедьяров Корнеевка ауылдық округіне барып, Корнеевка, Леонидовка, Советское ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Кездесу қорытындысы бойынша барлық көтерілген мәселелерге түсініктемелер және уәкілетті органдарға тиісті тапсырмалар берілді.
29 ақпанда Корнеевка ауылында "BIRGEMIZ" акциясы өтті. Ауылдық округтің қоғамдық қызметкерлерінің күшімен халықтың әлеуметтік осал топтарының үй маңындағы аумақтары қардан тазартылды.
«АУЫЛ АМАНАТЫ»
жобаның мақсаты
Кәсіпкерлік бастаманы дамыту, ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіпсіздігіне және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешу.
Микрокредиттер алуға үміткерлер болып табылады:
1) жұмыссыздар;
2) жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеусіз кіріс алу мақсатында тауарларды өндіру (өткізу), жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету жөніндегі қызметті өз бетінше жүзеге асыратын тұлғалар және (немесе) жұмыс істемей тұрған жеке кәсіпкерлер;
3) отбасылық кәсіпкерлікте ақы төленбейтін қызметті жүзеге асыратын тұлғалар;
4) сату (айырбастау) үшін жеке қосалқы шаруашылықта өнім өндіру бойынша қызметті өз бетінше жүзеге асыратын, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен тұлғалар;
5) "Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметін жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы кооперативтері; 6) ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлер.
Микрокредиттер үміткерлерге жеделділік, ақылылық, мерзімділік, қайтарымдылық, қамтамасыздық, нысаналы пайдалану қағидаттарын сақтай отырып мынадай шарттармен беріледі:
1) микрокредит мерзімі – 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін микрокредит мерзімі – 7 жылға дейін;
2) микрокредиттің ең жоғары сомасы – 2,5 мың айлық есептік көрсеткішке дейін (9 млн. 230 мың.тенге), ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту үшін – 8,0 мың айлық есептік көрсеткішке дейін (29 млн. 536 мың.тенге).
Бұрын алынған микрокредит бойынша міндеттемелерді толық орындаған үміткерлерге қайта кредит беру кезінде микрокредиттің ең жоғары сомасының мөлшері 8,0 мың айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғаяды. Бұл ретте, микрокредиттер бағдарлама үміткерлерінің қайтарылған қаражаты есебінен беріледі, бірақ микрокредиттің ең жоғары мерзімінің 1/2 бөлігінен ерте емес;
3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%-дан аспайды;
4) кепілдік қамтамасыз етудің болуы;
5) негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең микрокредит беру мерзімі ұзақтығының 1/3 аспайды;
6) микрокредиттеуге мақұлдау алғаннан кейін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркелу.
Ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны масштабтау шеңберінде микрокредиттер алу үшін жобаларды іріктеудің негізгі критерийлері:
- жобаның басым бағыттарға сәйкестігі;
- тұрақты жұмыс орындарын құру;
- жеке тұлғалар үшін - жобаны іске асыру жоспарланып отырған ауылдық елді мекенде немесе шағын қалада тұрғылықты жері бойынша кемінде 12 ай (микрокредит алуға өтінім беру күніне) тұрақты тіркеудің болуы; Жеке кәсіпкерлер үшін/заңды тұлғалар үшін – жобаны іске асыру жоспарланып отырған ауылдық елді мекенде немесе шағын қалада жеке кәсіпкердің/заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеудің болуы;
- жаңа, бұрын пайдаланылмаған техниканы, жабдықты сатып алу.
Кепіл ретінде әрекет ете алады:
– жер учаскелері - ауыл шаруашылығы мақсатындағы, өндірістік мақсатындағы, тұрғын үй мақсатындағы.
- өндірістік, сауда, қойма және әкімшілік ғимараттар (құрылыстар, үй-жайлар), қоғамдық тамақтану орындарының, салондардың, қонақ үйлердің, кемпингтердің, техникалық қызмет көрсету станцияларының, автожанармай құю станцияларының ғимараттары мен үй-жайлары және т. б.;
- тұрғын үй қорының жылжымайтын мүлік объектілері-тұрғын үйлер, пәтерлер, коттедждер және т. б.;
- беру құрылғылары, өндірістік технологиялық желілер, жұмыс және қуат машиналары, басқа жабдықтар;
- көлік құралдары;
- өндірістік мүліктік кешендер, өнеркәсіптік және қойма базалары, элеваторлар, мұнай қоймалары.
Кепілдердің өзге түрлері сенім білдірілген өкілдің (агенттің) уәкілетті органының шешімі бойынша қабылдануы мүмкін.
Байланыс телефондары:
8(71543) 2-12-54, 2-12-61.
«СҚО Есіл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ.