Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Корнеевка ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы

 

Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы Корнеевка

 ауылдық округінің

2026-2028 жылдарға арналған

бюджетін бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 7-бабтың 1-тармағының
4) тармақшасына, 85-бабтың 3-тармағына, 89-бабқа, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-7-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Корнеевка ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті сәйкесінше 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 73 453 мың теңге:

салықтық түсімдер – 28 629 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 153 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 2 420 мың теңге;

трансферттер түсімі – 42 251 мың теңге;

2) шығындар – 73 453 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 мың теңге:

бюджеттік кредиттер - 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - 0 мың теңге;

6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге;

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 мың теңге:

қарыздар түсімі - 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.

  1. Корнеевка ауылдық округінің 2026 жылға арналған бюджетінің кірістері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 27-бабына сәйкес құрылатындығы белгіленсін.
  2. 2026 жылға аудандық бюджеттен Корнеевка ауылдық округінің бюджетіне 22 602 мың теңге сомада бюджеттік субвенциялар көлемдері қарастырылсын.
  3.  Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Корнеевка ауылдық округінің 2026 жылға арналған бюджетінде аудандық бюджеттен берілетін нысаналы ағымдағы трансферттердің көлемдері қарастырылсын, соның ішінде:

еңбекақы төлеу қорына;

Корнеевка ауылдық мәдениет үйін ағымдағы күтіп ұстау және еңбек ақы төлеу қорына;

елді – мекендердің көшелерін жарықтандыру;

елді – мекендердің санитариясын қамтамасыз ету;

елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру.

Аудандық бюджеттен көрсетілген нысаналы трансферттерді бөлу               «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Корнеевка ауылдық округінің
2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Есіл ауданы мәслихатының шешімін жүзеге асыру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Корнеевка ауылдық округі әкімінің шешімімен айқындалады».

5.Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы мәслихатының төрағасы

 

 

 

Е. Тұтқышев

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Корнеевка ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы
Дата публикации
16 декабря 2025