«Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы Корнеевка ауылдық
округінің 2025-2027 жылдарға
арналған бюджетін бекіту туралы»
Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы мәслихатының
2025 жылғы 8 мамырдағы
№ 27/423 шешіміне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Корнеевка ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті сәйкесінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 75 880 мың теңге:
салықтық түсімдер – 23 470 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 216 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 2 420 мың теңге;
трансферттер түсімі – 49 774 мың теңге;
2) шығындар – 82 904,6 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -7 024,6 мың теңге;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) – 7 024,6 мың теңге;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 7 024,6 мың теңге:
қарыздар түсімі - 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 7 024,6 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы мәслихатының
төрағасы Е.Тұтқышев