Протокол предварительного обсуждения ВАКР

«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің Корнеевка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ

                                                                                 ХАТТАМА №10

 

Корнеевка а.                                                                                              15-00 сағ.

Корнеевка АМҮ                                                                                23.06.2025ж.                                                                                                                        

1 Бөлім Кіріспе:

Төраға: Корнеевка ауылдық округінің әкімі – Григорий Владимирович Зимарёв

Хатшы: Корнеевка ауыллдық округінің бас маманы – Ғалия Әнуарбекқызы Баженова.

Талқылауға қоғамдық кеңестің төрайымы О.А. Золотухина қоғамдық кеңестің мүшесі С.Б. Шаймерденова, ауылдық округ медиаторы Н. А. Мигдисова, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу жөніндегі комиссия мүшелері қатысты.

Қатысқандар-132 адам.

Күн тәртібі:

  1. «Корнеевка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген талдау нәтижелерін талқылау

       2 бөлім Негізгі

       Ауылдық округтің әкімі Г. В. Зимарев ақпаратпен сөз сөйледі, ол 2025 жылдың 16 маусымы мен 30 маусымы аралығында «Корнеевка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген талдауды жариялады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау төрағаның бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 10-тармағына сәйкес «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің Корнеевка ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2025 жылғы 11 маусымдағы № 31 –Ө/од ауылдық округ әкімінің өкімі негізінде жүргізілді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» және Мемлекеттік органдардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша әдістемелік ұсынымдар. Талданатын кезең: 2024 жылғы 12 наурыздан 2025 жылғы 16 маусым аралығы.

              Талдау барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу бойынша өз ұсыныстарымды айтуды сұраймын.

              С.Б. Шаймерденов. - Мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық актілерінде ескірген нормаларды уақтылы анықтау мақсатында тұрақты негізде құқықтық мониторинг жүргізу ұсынылады. «Корнеевка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-де құқықтық актілердің құқықтық мониторингі жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу. Тоқсан сайын.

              Ғ.Ә. Баженова. - Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша өтініштерді қабылдау мерзімдерінің бұзылуына жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызмет көрсетуге келіп түскен өтініштерді уақтылы тіркеуді жүргізу ұсынылады. Әкім аппараты қызметкерлерінің өзара алмасуын тұрақты негізде қамтамасыз ету (мемлекеттік қызмет көрсететін жауапты маман болмаған жағдайда). Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу туралы халықты ақпараттандыру бойынша түсіндіру іс-шараларын жүргізуді жалғастыру.

              А.В. Ермоленко.  - Тауарларды жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің көрінуіне жол бермеу мақсатында нарықта адал бәсекелестік қағидаттарын қамтамасыз ете отырып, бір өнім берушіден сатып алуды барынша азайту. Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамадағы өзгерістер мен толықтыруларға тұрақты негізде мониторинг жүргізу.

             О.А. Золотухина.- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген талдау нәтижелері бойынша «Корнеевка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын жасауды ұсынамын.

             Г.В. Зимарев. - Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің Корнеевка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама дайындау қажет.

           Жиналыс шешті:

  1. «Корнеевка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу
  2. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің Корнеевка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама дайындау.

 

 

   Төраға:                  Г.В. Зимарёв

   Хатшы:                 Ғ.Ә. Баженова            

 

  

Протокол
Дата публикации
24 июня 2025