2025 -2027 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданының Корнеевка ауылдық округінің бюджеті туралы"
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы
мәслихаты шешімінің жобасы бойынша
Пресс – релиз
Есіл ауданы мәслихаты шешімінің жобасы Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 89-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-7-тармағына сәйкес әзірленді.
2025-2027 жылдарға арналған Корнеевка ауылдық округінің бюджет жобасы 2021-2025 жылдарға арналған ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және салықтық-бюджеттік саясат бағдарланатын негізгі көрсеткіштерді анықтайтын бюджеттік параметрлер негізінде әзірленген.
Шешім жобасын әзірлеудің мақсаты 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VIII Бюджет кодексіне сәйкес нормативтік-құқықтық актіні сәйкестендіру болып табылады.
Алдағы жылға Корнеевка ауылдық округінің бюджетіне кірістер түсімін болжау Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне сәйкес жүргізілді.
Корнеевка ауылдық
округінің әкімі Г. Зимарёв