2024 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша есеп

 

2024 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша есеп

         Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м. а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Корнеевка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ 6 Мемлекеттік қызмет көрсетіледі: жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру; елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру; Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу; жер учаскесін жеке меншікке біржолғы не бөліп-бөліп сату; жер учаскесін жеке меншікке жер учаскесін алу кезегі және жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту.

          2024 жылы Е-лицензиялау ақпараттық жүйесі арқылы 27 мемлекеттік қызмет көрсетілді (оның ішінде жеке тұлғаларға - 15 қызмет, заң.тұлғаларға-12 қызмет көрсетілді).

          «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 1 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

          Көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз электрондық түрде көрсетілген-17 мемлекеттік қызмет, тікелей байланыспен 10, бұлар:

         Сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды алу-25.

         Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 1.

         Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру-1.

     

«Connection Point» электрондық үкіметі веб-порталы арқылы - 508 қызмет, ең жиі сұралатын қызметтер-қашықтан ЭЦҚ алу-312 мемлекеттік қызмет,

-Қайтыс болуды тіркеу  туралы  анықтама беру-20,

-тұрғылықты  жері  туралы анықтама алу(үшінші тұлғалар)-8,

 - мектепке дейінгі балалар мекемесіне кезекке қою-8,

- медициналық мекемеге тіркелу-9,

- соттылығының жоқтығы туралы анықтама-40,

- мұрағаттық анықтама алу-68,

- тіркелген құқықтар туралы анықтама алу-19,

- психодиспансерден анықтама-6,

- есірткі диспансерінен анықтама-16,

- шақырудан босату-1,

- тұрғын үйге техникалық қызмет көрсету-1.

         Корнеевка ауылдық округі әкімінің аппаратымен 11 ақпараттық-түсіндіру іс-шаралар жұмыстары жүргізілді:  

- «Электрондық форматтағы мемлекеттік қызметтер» дәрісі;

- Е-gov порталында жұмыс дағдыларын оқыту бойынша әңгімелер;

 - «2023 жылғы мемлекеттік қызметтер бойынша есеп» тікелей эфирі өткізілді

 - АМҮ қызметкерлеріне арналған электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы хабардар ететін дөңгелек үстел іс-шарасы өткізілді.

- электрондық үкімет порталы арқылы қашықтан ЭЦҚ алу мәселесі бойынша 4 түсіндіру іс-шарасы өткізілді.

 - электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді алу бойынша дөңгелек үстел өткізілді;

         Барлығы 2024 жыл ішінде ақылы негізде мемлекеттік қызметтер көрсетілмеген.

Халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қолжетімділік және ақпараттандыру мақсатында ауылдық округ әкімінің аппаратында көрнекі ақпараты бар стенд орналастырылды (көрсетілетін қызметтердің атауы және оларды көрсетуге жауапты тұлғалар, жұмыс кестесі, өтініш үлгілері, шағымдар журналы). Осыған ұқсас ақпарат бөлімнің сайтында "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде және Фейсбукте орналастырылған.

 Мемлекеттік қызметтер көрсетуді ішкі бақылау нәтижелеріне сәйкес, 2024 жыл ішінде қызмет көрсету мерзімдерін бұзу тіркелген жоқ.

           Ауылдық округ тұрғындары арасында 145 дана брошюра таратылды.

           Халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында әкім аппараты түсіндіру іс-шараларын («Ашық есік күні», семинарлар, дөңгелек үстелдер, БАҚ-та, «Facebook» әлеуметтік желісінің платформасында және мемлекеттік органның ресми сайтында мақалалар жариялау) өткізу, мемлекеттік органның қызмет көрсету тәртібін айқындайтын мемлекеттік қызметтер бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді сақтау жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады.

          Мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.

2024 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша есеп
Дата публикации
21 января 2025