Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Корнеевка ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы

Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы Корнеевка

 ауылдық округінің

2025-2027 жылдарға арналған

бюджетін бекіту туралы

Қазақстан  Республикасы  Бюджет кодексінің 9-1-бабына, 75-бабының
 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
6-бабының 2-7-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Корнеевка ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті сәйкесінше 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 70 855 мың теңге:

салықтық түсімдер – 21 212 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 215 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3 429 мың теңге;

трансферттер түсімі – 45 999 мың теңге;

2) шығындар – 70 855 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 мың теңге:

бюджеттік кредиттер - 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - 0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 0 мың теңге:

қарыздар түсімі - 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 мың теңге.

  1. Корнеевка ауылдық округінің 2025 жылға арналған бюджетінің кірістері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 52-1-бабына сәйкес құрылатындығы белгіленсін.
  2. 2025 жылға аудандық бюджеттен Корнеевка ауылдық округінің бюджетіне 28 202 мың теңге сомада бюджеттік субвенциялар көлемдері қарастырылсын.
  3. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Корнеевка ауылдық округінің 2025 жылға арналған бюджетінде аудандық бюджеттен берілетін нысаналы ағымдағы трансферттердің көлемдері қарастырылсын, соның ішінде:

ағымдағы шығыстар және еңбекақы төлеу қорына;

Корнеевка ауылдық мәдениет үйін ағымдағы күтіп ұстау және еңбек ақы төлеу қорына;

елді – мекендердің көшелерін жарықтандыру;

елді – мекендердің санитариясын қамтамасыз ету;

жолдарды ағымдағы күтіп ұстау;

елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру.

Аудандық бюджеттен көрсетілген нысаналы трансферттерді бөлу               «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Корнеевка ауылдық округінің
2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Есіл ауданы мәслихатының шешімін жүзеге асыру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Корнеевка ауылдық округі әкімінің шешімімен айқындалады».

5.Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы мәслихатының төрағасысы

 

 

 

Е. Тұтқышев

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Корнеевка ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы
Дата публикации
05 ноября 2024