2025 жылға мемлекеттік қызметтер көрсетубойынша есеп

2025 жылға мемлекеттік қызметтер көрсетубойынша есеп

          Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м. а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген  Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Корнеевка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ 6 Мемлекеттік қызмет көрсетіледі: «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»; «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»; «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу»; «Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы не бөліп-бөліп сату»; «Жер учаскесін жеке меншікке жер учаскесін алу кезегі және жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту.

          2025 жылы Е-лицензиялау ақпараттық жүйесі арқылы 13 мемлекеттік қызмет көрсетілді (оның ішінде жеке тұлғаларға - 4 қызмет, заң.тұлғаларға-9 қызмет көрсетілді).

         «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 4 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

          Көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз электрондық түрде көрсетілген – 13 мемлекеттік қызмет, бұлар:

          Сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – 8.

          Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 1.

          Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру – 4.

         «Connection Point» электрондық үкіметі веб-порталы арқылы - 423 қызмет, ең жиі сұралатын қызметтер бұлар

           -қашықтан ЭЦҚ алу-244 мемлекеттік қызмет,

          -қайтыс болуды тіркеу  туралы  анықтама беру-22,

           -тұрғылықты  жері  туралы анықтама алу-7,

          - соттылығының жоқтығы туралы анықтама-37,

          - мұрағаттық анықтама алу-44,

          - есірткі диспансерінен анықтама-25,

          - психодиспансерден анықтама-10,

           - тубдиспансерден анықтама-17,

          - тіркелген құқықтар туралы анықтама алу-4,

          - медициналық мекемеге тіркелу-9

          - мектепке дейінгі балалар мекемесіне кезекке қою-2,

          - кәмелетке толмаған баланың мүлкіне билік ету туралы-1,

           - аңшылық билетін ұзарту -1.

 

        Корнеевка ауылдық округі әкімінің аппаратымен 12 ақпараттық-түсіндіру іс-шаралар жұмыстары жүргізілді:

        - Корнеевка ауылдық округінің тұрғындарымен 7 түсіндіру іс-шарасы, -50 дана брошюралар тапсырумен;

        - «2024 жылғы Мемлекеттік қызметтер бойынша есеп» тікелей эфирі өткізілді;

        - ауылдық округтің жұмыссыз тұрғындарымен әңгімелесу;

        - Электрондық үкімет порталы арқылы «Өлім туралы хабарлама алу» мемлекеттік қызметін алу туралы 422 қарауды жинаған бейнеролик түсірілді.        

        - «WhatsApp» мессенджері арқылы мемлекеттік қызметтер саласында тәжірибе алмасу бойынша іс-шара ұйымдастырылды;

        - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің  бастамасымен Корнеевка ауылдық округі әкімі аппаратының құқықтық мәселелер жөніндегі жетекші маманымен тікелей эфирде «Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін» өткізілді.

        - Барлығы 2025 жыл ішінде ақылы негізде мемлекеттік қызметтер көрсетілмеді.  

         Халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қолжетімділік және ақпараттандыру мақсатында ауылдық округ әкімінің аппаратында көрнекі ақпараты бар стенд орналастырылды (көрсетілетін қызметтердің атауы және оларды көрсетуге жауапты тұлғалар, жұмыс кестесі, өтініш үлгілері, шағымдар журналы). Осыған ұқсас ақпарат бөлімнің сайтында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде және Фейсбукте орналастырылған.

        Мемлекеттік қызметтер көрсетуді ішкі бақылау нәтижелеріне сәйкес, 2025 жыл ішінде қызмет көрсету мерзімдерін бұзу тіркелген жоқ.

       Ауылдық округ тұрғындары арасында 135 дана брошюра таратылды.

       Халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында әкім аппараты түсіндіру іс-шараларын («Ашық есік күні», семинарлар, дөңгелек үстелдер, БАҚ-та, «Facebook» әлеуметтік желісінің платформасында және мемлекеттік органның ресми сайтында мақалалар жариялау) өткізу, мемлекеттік органның қызмет көрсету тәртібін айқындайтын мемлекеттік қызметтер бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді сақтау жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады.

       Мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.

2025 жылға мемлекеттік қызметтер көрсетубойынша есеп
Дата публикации
23 апреля 2026