шешім жобасы

Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданының Ильинка ауылдық

округінің 2025-2027 жылдарға арналған

бюджетін бекіту туралы

 

 

          Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 7 бабының,3 тармағына,89 бабына «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзібасқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының

2-7-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Ильинка ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

     1) кірістер- 171 250 мың теңге:

салықтүсімдері- 10 201мың теңге;

салықтықеместүсімдер-0 мың теңге;

негізгікапиталдысатудантүсетінтүсімдер-0 мың теңге;

трансферттер түсімдері    -  161 049 мың теңге;

     2)шығындар -  171 917,1 мың теңге;

     3)таза бюджеттіккредиттеу- 0 мың теңге:

бюджеттік кредиттер-0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу- 0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо -0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу- 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан

түсетін түсімдер  -0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -667,1 мың теңге;

     6) мұнай тапшылығы емес бюджет профициті- 0 мың теңге;

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру

(профицитін пайдалану)   -667,1 мың теңге;

қарыздардың түсуі - 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары -667,1 мың теңге.

«1-1. Ильинка ауылдық округінің бюджетінде 2025 жылғы 1 қаңтарға қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен аудандық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерді қайтару 4-қосымшаға сәйкес 1,0 мың теңге сомасында көзделсін»;

         «1-2. 4-қосымшаға сәйкес Ильинка ауылдық округінің бюджетінде қаржы жылының басында қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен шығыстар көзделсін»;

  1. 2025 жылға арналған Ильинка ауылдық округі бюджетінің кірістері Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 52-1-бабына сәйкес қалыптастырылады деп белгіленсін.
  2. 2025 жылға аудандық бюджеттен, Ильинка ауылдық округінің бюджетіне 18533 мың теңге сомасында трансферттер (субвенциялар) көлемі көзделсін.
  3. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Ильинка ауылдық округінің 2025 жылға арналған бюджетінде республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер түсімі көзделсін, оның ішінде:

азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын арттыруға.

Көрсетілген нысаналы трансферттерді республикалық бюджеттен бөлу Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Ильинка ауылдық округі әкімінің «Есіл ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Ильинка ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешімін іске асыру туралы» шешімімен айқындалады.

5.2025 жылға арналған Ильинка ауылдық округінің бюджетінде облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер түсімі көзделсін, оның ішінде:

1) «Ауыл-ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға, оның ішінде:

Есіл ауданы Ильинка ауылдық округінің Александровка ауылындағы кентішілік жолдарды орташа жөндеуге.

Аталған нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттен бөлу Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Ильинка ауылдық округі әкімінің «Есіл ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Ильинка ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы»шешімін іске асыру туралы» шешімімен айқындалады.

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Ильинка ауылдық округінің 2025 жылға арналған бюджетінде аудандық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің көлемі көзделсін, оның ішінде:

еңбекақы төлеу қоры;

елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру;

ағымдағы шығындар.

Көрсетілген нысаналы трансферттерді аудандық бюджеттен бөлу Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Ильинка ауылдық округі әкімінің «Есіл ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Ильинка ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешімін іске асыру туралы» шешімімен айқындалады.

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №23/368 «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Ильинка ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын;

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2025 жылғы  4 наурыздағы №24/386 «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Ильинка ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын;

  1. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының төрағасы

 

 

 

 

 

Дата публикации
06 мая 2025