
Ағымдағы жылдың 29 ақпанында Есіл ауданы әкімінің м.а. Е. А. Мұстафин Бұлақ ауылдық округінің Бұлақ, Ақтас және Қарағай ауылдарында халықпен кездесу өткізді. Кездесу барысында азаматтардың қойған сұрақтарына түсініктемелер мен жауаптар, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдарға оларды оң шешу үшін тапсырмалар берілді.