Мемлекеттік қызметтер есебі

«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің Бұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты » КММ 2023 жылға арналған мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы

ЕСЕБІ

 

  2020 жылғы 1 қазандағы «Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» 2023 жылғы 1 тамыздағы № 287 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес 2023 жылы «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің Бұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ 5 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді: Нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру; Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру; Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу; Жер учаскесін жеке меншікке сату, біржолғы сату немесе бөліп төлеу; Жер учаскесін алу үшін кезекке қою.

Жалпы 2023 жыл ішінде ақылы негізде мемлекеттік қызметтер көрсетілмеген.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалының Есіл ауданының Халыққа қызмет көрсету бөлімі арқылы көрсетілетін қызметті алушылардан өтініштер түскен жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту фактілері болған жоқ.

"Е-Лицензиялау" МДҚ арқылы 11 өтініш түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан 11, заңды тұлғалардан 0.

Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – 9, оның ішінде жеке тұлғалардан 8, заңды тұлғалардан 1.

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 2, оның ішінде жеке тұлғалардан 2, заңды тұлғалардан 0.

Бұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында "Өзіне-өзі қызмет көрсету секторы" бар, оның көмегімен ауылдық округ тұрғындары E-gov "Электрондық үкімет" порталы арқылы қажетті қызметтерді ала алады.

"Қазақстан Республикасының электрондық үкіметі" веб-порталы арқылы электрондық түрде 219 мемлекеттік қызмет көрсетілді 

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халыққа қол жетімділік және ақпараттандыру мақсатында ауылдық округ әкімінің аппаратында көрнекі ақпараты бар (мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары, көрсетілетін қызметтердің атауы, жұмыс кестесі, өтініш үлгілері, шағымдар журналы) стенд орналастырылды. Осыған ұқсас ақпарат ауылдық округ әкімінің сайтында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

Мемлекеттік қызметтер ҚР "Мемлекеттік қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңына, бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес көрсетіледі. Қызметтер баламалы және баламасыз негізде көрсетіледі.

          Мемлекеттік қызметтер көрсетуде ішкі бақылау нәтижелеріне сәйкес, 2023 жыл ішінде қызмет көрсету мерзімдерін бұзу тіркелген жоқ..

         2023 жыл бойы 7 түсіндіру шарасы өткізілді:

30 наурызда өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу бойынша түсіндіру іс-шарасы өткізілді.

31 наурызда ауылдық округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету қорытындысы шығарылды

24 мамырда Бұлақ ауылдық округінің мемлекеттік қызметтер бойынша есебі өткізілді.

4 тамызда Бұлақ орта мектебінде "Электрондық үкімет" порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мәселесі бойынша Бұлақ ауылының тұрғындарымен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді.

21 қыркүйекте ауылдық округ әкімі аппаратының мамандарымен EGOV порталы арқылы мемлекеттік қызмет бойынша буклеттер мен брошюралар таратылды.

17 қарашада "Facebook" әлеуметтік желісін пайдаланушылар арасында Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша интернет-конференция өткізілді

12 желтоқсанда Бұлақ ауылдық округінде өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу бойынша түсіндіру іс-шарасы өткізілді.

Бұл ақпараттар Facebook-те орналастырылған.

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің сақталуы, Халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартудың тиімділігі мақсатында әкім аппараты түсіндіру іс-шараларын (Ашық есік күні", семинарлар, дөңгелек үстелдер, БАҚ-та, "Facebook" әлеуметтік желісінің платформасында және мемлекеттік органның ресми сайтында мақалалар жариялау) жүргізу бойынша жұмысты жалғастыратын болады.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша

көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

 

         2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.

 

 

 

 

Бұлақ ауылдық округінің әкімі                                Б.Бейсенбаев

Дата публикации
15 января 2024