«2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Бесқұдық ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы»Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы 37/543 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«2026-2028 жылдарға арналған

Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы Бесқұдық ауылдық

округінің бюджетін бекіту туралы»Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы 37/543 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Бесқұдық ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №37/543 шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) кірістер – 40 721 мың теңге:

салықтық түсімдер – 9 156 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 0 мың теңге;

арнайы түсімдер - 0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 456 мың теңге;

трансферттер түсімі – 30 109 мың теңге;

2) шығындар – 42197,9 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 мың теңге:

бюджеттік кредиттер - 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

5)  бюджет тапшылығы (профициті) - -1 476,9 мың теңге;

6)  бюджеттің мұнай емес тапшылығы (профициті) – 1 476,9 мың теңге;

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1 476,9 мың теңге;

қарыздар түсімі - 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 476,9 мың теңге.

1-1 тармағы келесі мазмұнда  толықтырылсын:

“1-1. Бесқұдық ауылдық округінің 2026 жылға арналған бюджетінде 2025 жылы аудандық бюджеттен 0,1 мың теңге сомасында бөлінген пайдаланылмаған ағымдағы нысаналы трансферттерді қайтару 4-қосымшаға сәйкес көзделсін.

1-2 тармағы келесі мазмұнда  толықтырылсын:

“1-2. Бесқұдық ауылдық округінің 2026 жылға арналған бюджетінде 4-қосымшаға сәйкес қаржы жылының басында қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен шығыстар көзделсін.”

  1. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы мәслихатының

төрағасы                                                                   Е.Тұтқышев

ұсыныстар
Дата публикации
02 марта 2026