Есіл ауданы әкімі
аппаратының басшысы
А.Н. Омаровқа
Аналитикалық жазба
Бесқұдық ауылдық округі әкімі аппараты тарапынан 2025 жылдың 3-тоқсаны ішінде мемлекеттік қызметтер көрсетілді (оның ішінде жеке тұлғаларға көрсетілгені – 0 қызмет, заңды тұлғаларға көрсетілгені – 0 қызмет), (шілде – 0, тамыз – 0, қыркүйек – 0).
2025 жылдың 3-тоқсанында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 0 қызмет, электрондық форматта көрсетілгені – 0 қызмет (оның ішінде электрондық үкімет порталы арқылы – 0 қызмет, мемлекеттік органдардың өз ақпараттық жүйелері арқылы – 0 қызмет).
Қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйелері арқылы қызмет алушымен тікелей байланыссыз электронды түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 0 (оның ішінде жеке тұлғаларға – 0 қызмет, заңды тұлғаларға – 0 қызмет), (шілде – 0, тамыз – 0, қыркүйек – 0).
Қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйелері арқылы қызмет алушымен тікелей байланыс арқылы электронды түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 0 (оның ішінде жеке тұлғаларға – 0 қызмет, заңды тұлғаларға – 0 қызмет), (шілде – 0, тамыз – 0, қыркүйек – 0).
Қағаз түрінде іс жүргізу бөлімі арқылы көрсетілген, бірақ электрондық үкімет веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін болған мемлекеттік қызметтер – 0 (оның ішінде жеке тұлғаларға – 0 қызмет, заңды тұлғаларға – 0 қызмет), (шілде – 0, тамыз – 0, қыркүйек – 0).
«Электрондық үкімет» веб-порталы Connection Point арқылы – барлығы 99 қызмет көрсетілді:
- ЭЦҚ-ны қашықтан алу – 50,
- зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу – 17,
- банктік қарыздар мен микрокредиттерді (6 ай мерзімге) алудан ерікті түрде бас тарту – 3,
- соттылығы бар/жоқтығы туралы анықтама беру – 6,
- психикалық денсаулық орталығынан (наркология) мәлімет беру – 8,
- жеке тұлғаның табысы мен мүлкі туралы декларация тапсыру – 2,
- жұмыссыз ретінде тіркелу туралы анықтама беру – 12,
- медициналық ұйымға тіркелу – 1.
Мемлекеттік қызметтерді танымал ету мақсатында Бесқұдық ауылдық округі әкімі аппараты тарапынан іс-шаралар өткізілді:
04 шілде 2025 жыл – электрондық мемлекеттік қызметтерді алу бойынша түсіндіру іс-шарасы: ЭЦҚ алу, тұрғылықты жері бойынша тіркеу.
https://www.facebook.com/share/p/1NqBu2XGAD/;
01 тамыз 2025 жыл – «Жеке тұлғаның табысы мен мүлкі туралы декларацияны қабылдау» электрондық мемлекеттік қызметін алу бойынша түсіндіру іс-шарасы.
https://www.facebook.com/share/p/1BYheKvJUM/;
29 қыркүйек 2025 жыл – egov.kz электрондық үкімет порталы және elicense.kz порталы арқылы көрсетілетін «Электрондық мемлекеттік қызметтер» тақырыбында түсіндіру іс-шарасы.
https://www.facebook.com/share/p/1BhWU2odGX/
Ауылдық округінің бас маманы О. Егерь