«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Бесқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ 2023 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша есеп
Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м. а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, 2023 жылы «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Бесқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ 5 Мемлекеттік қызмет көрсетілді: Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру; Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру; Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу; Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы не бөліп-бөліп сату; жер учаскесін алуға кезекке қою.
Барлығы 2023 жыл ішінде ақылы негізде мемлекеттік қызметтер көрсетілмеген.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ филиалының Есіл ауданының Халыққа қызмет көрсету бөлімі арқылы көрсетілетін қызметті алушылардан өтініш түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту фактілері болған жоқ.
«Е-Лицензиялау» ММБ арқылы 5 өтініш түсті, заңды тұлғалардан 5.
«Сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» - 5 оның ішінде заң.тұлғалардан 5.
Бесқұдық ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында «Өзіне-өзі қызмет көрсету секторы» бар, оның көмегімен ауылдық округ тұрғындары E-gov «электрондық үкімет» порталы арқылы қажетті қызметтерді ала алады.
Электрондық нысанда «Қазақстан Республикасының электрондық үкіметі» веб-порталы арқылы – 474 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қолжетімділік және ақпараттандыру мақсатында ауылдық округ әкімінің аппаратында көрнекі ақпараты бар стенд орналастырылды (стандарттар, көрсетілетін қызметтердің атауы және оларды көрсетуге жауапты тұлғалар, жұмыс кестесі, өтініш үлгілері, шағымдар журналы). Осыған ұқсас ақпарат бөлімнің сайтында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңына, бекітілген стандарттар мен регламенттерге сәйкес көрсетіледі. Қызметтер баламалы және баламасыз негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсетуді ішкі бақылау нәтижелеріне сәйкес, 2023 жыл ішінде қызмет көрсету мерзімдерін бұзу тіркелген жоқ.
2023 жылы 15 түсіндіру шарасы өткізілді:
2023 жылғы 31 қаңтар, 31 қаңтар, 21 ақпан, 30 наурыз, 16 маусым, 25 қыркүйек, 27 қыркүйек, 30 қараша, 6 желтоқсан, 20 желтоқсан ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары өткізілді; 2023 жылғы 4 мамыр, 14 қыркүйек Мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша интернет-конференция өткізілді ; 24 мамыр дөңгелек үстел өткізілді; 20 маусым, 2023 жылғы 1-3 тамыз аралығында брошюралар тарату бойынша жұмыс жүргізілді.
Тұрақты негізде халық арасында электрондық мемлекеттік қызметтерді алудың артықшылықтарын түсіндіретін брошюралар, парақшалар, буклеттер таратылады, ауылдық округ әкімінің және фейсбуктің сайттарында орналастырылған.
2023 жылы а/о тұрғындары арасында 200 дана брошюра таратылды.
Халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында әкім аппараты түсіндіру іс-шараларын («Ашық есік күні», семинарлар, дөңгелек үстелдер, БАҚ-та, «Facebook» әлеуметтік желісінің платформасында және мемлекеттік органның ресми сайтында мақалалар жариялау) өткізу, мемлекеттік органның қызмет көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді сақтау жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады .
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат
2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.
Бесқұдық ауылдық округінің әкімі А.Сасықов