«2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Бесқұдық ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы»Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы 37/543 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Бескүдік ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 37/543 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) кірістер – 41 451 мың теңге:

салықтық түсімдер – 9 156 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 0 мың теңге;

арнайы түсімдер – 0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 456 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 30 839 мың теңге;

2) шығындар – 42197,9 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 мың теңге:

бюджеттік кредиттер - 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - -1476,9 мың теңге;

6) Мұнай емес бюджет тапшылығы (профициті) – -1476,9 мың теңге;

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –

 1 476,9 мың теңге:

қарыздар түсімі - 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1476,9 мың теңге.

 

Мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Бескүдік ауылдық округінің 2026 жылға арналған бюджетінде 2025 жылы аудандық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған нысаналы ағымдағы трансферттердің 0,1 мың теңге сомасындағы қайтарылымы 4-қосымшаға сәйкес көзделсін.»;

Мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын;

«1-2. Бескүдік ауылдық округінің 2026 жылға арналған бюджетінде қаржы жылының басына қалыптасқан бос қалдықтар есебінен шығыстар 4-қосымшаға сәйкес көзделсін»;

Көрсетілген шешімге 1,2,3-қосымшалар осы шешімге 1,2,3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

Көрсетілген шешім осы шешімге 4-қосымшаға сәйкес № 4 қосымшамен толықтырылсын.

2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы

мәслихатының төрағасы

 

 

 

Е. Туткушев

 

шешім
Дата публикации
22 сентября 2026