ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің Амангелді ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

 

          «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің Амангелді ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» Амангелді ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 13 маусымдағы № 33-ө/нқ өкімінің негізінде «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің Амангелді ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

          Талданатын кезең 2024 жылғы 2 наурыздан 2025 жылғы 15 маусымға дейін.

          Талдау жүргізу кезеңі 2025 жылғы 16 маусымнан 30 маусымға дейін 11 жұмыс күні.

         Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес мынадай бағыттар бойынша жұмыс жүргізілді:

 

  1. ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ.

         Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Амангелді ауылдық округі әкімінің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдары негізінде жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен, сондай-ақ «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің Амангелді ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережелері, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 5 қаңтардағы № 04 қаулысымен бекітілген Ережеде айқындалған ауылдық округ әкімі аппаратының функциялары нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келеді.

           Ауылдық округ әкімінің аппараты өз қызметінде басшылыққа алатын негізгі нормативтік құқықтық актілер: «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, Қазақстан Республикасының Жер кодексі, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі болып табылады,

         2024 жылдың талданатын кезеңінде Амангелді ауылдық округі әкімі қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің саны 48, 2025 жылы-40 (2024 жылы 33 өкім, 15 шешім, 2025 жылы 33 өкім, 7 шешім қабылданды).

            Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді талдау қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін коллизиялар, олқылықтар мен нормалар анықталған жоқ.

 

  1. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ.
  2. Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы.

«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің Амангелді ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес штат саны 3 бірлікті құрайды.

Талдау барысында ауылдық округ әкімі аппаратындағы штат саны 3 бірлікті құрайды (ауылдық округ әкімі, іс жүргізу және жедел мәселелер жөніндегі бас маман, жастар саясатын іске асыру, спорт және ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі жетекші маман ). Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау мақсатында әкім аппаратының барлық әкімшілік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдады. Қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында қызметшілер мен олардың жұбайлары мемлекеттік кірістер басқармасына декларацияларды уақтылы ұсынды.

         «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес әкімшілік қызметкерлер арасында жақын туыстық қатынастар анықталған жоқ.

          Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу.

          Талданатын объект қызметкерлерінің жеке істерін зерттеу барысында мүдделер қақтығысы фактісі анықталған жоқ.

          Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету.

          3.1. Жер учаскесін алуға кезекке қою. Көрсету нысаны электрондық (ішінара автоматтандырылған).

          Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесін алуға кезекке қою» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес көрсетіледі.

          Өтінішті қабылдау және нәтижені беру «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

          Талданып отырған кезеңде қызмет көрсетуге өтініштер түскен жоқ.  

          

          3.2. Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру.

         Электрондық (ішінара автоматтандырылған), қағаз түрінде көрсету нысаны.

           Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген «Кент, ауыл жерінен жер учаскесін беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес көрсетіледі.

          Өтініштерді қабылдау және нәтижені беру «Электрондық үкіметтің» веб-порталы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылады.

          Талданған кезеңде қызмет көрсетуге үш өтініш түсті.

 

           3.3. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру. Электрондық (ішінара автоматтандырылған), қағаз түрінде көрсету нысаны.

         Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес көрсетіледі.

          Өтініштерді қабылдау және нәтижені беру «Электрондық үкіметтің» веб-порталы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылады.

          Талданып отырған кезеңде мемлекеттік қызмет көрсетуге үш өтініш түсті.

 

          3.4. Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу. Электрондық (ішінара автоматтандырылған), қағаз түрінде көрсету нысаны.

         Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес көрсетіледі.

          Өтініштерді қабылдау және нәтижені беру «Электрондық үкіметтің» веб-порталы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылады.

         Талданған кезеңде қызмет көрсетуге алты өтініш түсті.

 

         3.5. Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы бөліп-бөліп сату. Электрондық (ішінара автоматтандырылған), қағаз түрінде көрсету нысаны.

         Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесін жеке меншікке бір рет бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес көрсетіледі.

         Өтінішті қабылдау және нәтижені беру ауылдық округ әкімдігіне немесе «Электрондық үкіметтің» веб-порталына жүгіну арқылы жүзеге асырылады.

        Талданып отырған кезеңде қызмет көрсетуге өтініштер түскен жоқ.

 

         3.6. Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған), қағаз түрінде.

        Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес көрсетіледі.

          Өтінішті қабылдау және нәтижені беру ауылдық округтің әкімдігіне жүгіну арқылы жүзеге асырылады.

          Талданып отырған кезеңде қызмет көрсетуге бір өтініш келіп түсті.

         Барлық қызметтер бекітілген ережелерге сәйкес көрсетіледі.

         Мемлекеттік қызмет көрсетумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

  1. Ауылдық округ әкімінің аппаратына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері.

         Жеке және заңды тұлғалардың өкілдерімен жұмыс істеу кезінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік іс жүргізу кодексінің талаптары сақталады.

          Ауылдық округ әкімінің аппаратына келіп түскен өтініштер уақтылы тіркеліп, «Е-otinish» электрондық базасына енгізіледі. Ауылдық округ әкімі азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес жеке қабылдау жүргізеді. Қабылдау кестесі тоқсан сайын ауылдық округ әкімінің өкімімен бекітіледі, Амангелді ауылдық округі әкімінің сайтінде жарияланады.

         2024 жылдың талданатын кезеңінде жеке тұлғалардан 10 өтініш және заңды тұлғалардан 3 өтініш келіп түсті, олардың 4-і жазбаша өтініштер және 9-і жеке қабылдауда. 2025 жылдың талданатын кезеңінде жеке тұлғалардан 7 өтініш түсті (3 жазбаша өтініш және 4 жеке қабылдауда).

          Ауылдық округ әкімі аппаратына келіп түскен өтініштер жұмысқа орналасуға қатысты - 3, ТКШ мәселелері - 9, жер қатынастары - 4, әр түрлі - 4.

         Келіп түскен барлық өтініштер бойынша шешімдер қабылданып, түсініктемелер берілді. Барлық өтініштер түсіндірілді және қанағаттандырылды 

         Өтініштерді қарау мерзімдерін бұзу фактілері анықталған жоқ.

 

  1. Прокурорлық ден қою актілері

         Талданып отырған кезеңде прокурорлық ден қою актілері ауылдық округ әкімі аппаратының атына түскен жоқ.

 

  1.   6. Талап-арыз қызметі

         Талданып отырған кезеңде ауылдық округ әкімінің аппараты талап-арыз жұмыстарын жүргізген жоқ.

 

  1. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар:

         Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлеріне қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында теріс Жарияланымдар фактілері жоқ.

 

 

        Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

        ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс

        тобы мүшелерінің қолдары         

                                                                                                 Исмағұлов Б.С.                                                     

                                                                                                 Осина Н.В.

                                                                                                Ахметова Д.Б.

                                                                                             Джұмағалиева Б.М.

                                                                                                 Мейрамова Л.Е.

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Дата публикации
12 августа 2025